«JASTAR» АУЛА КОМАНДАЛАР ЛИГАСЫ
18 тамыздан бастап Орал қаласында «JASTAR» аула командалар лигасы АУЛА КОМАНДАЛАР ЛИГАСЫ басталады. Футбол лигасын БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Орал» студенттері Альянсы» ұйымдастыруда.

Мақсат – облыс жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау, облыста шағын футболдан жыл сайын өткізілетін лига дәстүрін қалыптастыру. Аталмыш лига аула жастарынан құралған командалар арасында өтетін болады. Қазірдің өзінде қаладан және аудандардан 16 команда лигаға қатысуға ұсыныстарын білдірген. – Лига қатысушылары 18-35 жас аралығындағы жастар. Ойындар әр сенбі және жексенбі күндері 19:00-21:00 сағат аралығында «Жастар» стадионында өткізілетін болады, – дейді «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының төрағасы Еркебұлан Орынбасаров.
Бүгін, 16 тамыз күні «БАСТАУ» коворкинг орталығында лига қатысушыларының және төрешілер құрамының қатысуымен «JASTAR» аула командалар лигасының жеребесі ұйымдастырылып, турнир таблицасы құрастырылады. Аталмыш шараға БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшылығы және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығы қатысады.
Алғашқы ойын 18 тамыз күні «Жастар» стадионында өтеді. Төрешілер құрамы БҚО футзал ассоциациясы төрешілері. Ал финалдық ойын 28 қазан күні өтіп, үздік командаларды марапаттау салтанаты ұйымдастырылады.
Эльмира НҰҒМ АНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу