8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қараша 2021 1446 0
Дені сау ұлт

9 АЙДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН СТАЦИОНАРЛАРДА ЕМДЕУГЕ 9,8 МЛРД. ТЕҢГЕ ЬАҒЫТТАЛДЫ

Соңғы жылдары ауылдық медицинаны дамытуға басты назар аударылуда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің арқасында ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті қаржыландырудың көлемі артты.

2021 жылы ауыл тұрғындарын стационарлық емдеуге 121 млрд теңге қарастырылған, оның 72,2 млрд теңгесі МӘМС аясында. 9 айдың қорытындысы көрсеткендей ТМККК және МӘМС бойынша ауылдық медициналық ұйымдар көрсеткен стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілген қызметтердің құны 88,6 млрд теңгені құрады.

 

Медициналық көмек қол жетімді болуы керек

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде денсаулықты нығайту, алдын алу, емдеу және оңалту бойынша қызметтер денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болуы тиіс екендігі атап өтілген.

Шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда тұратын азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді және арттыруды жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау басқармалары жүзеге асырады.

Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін медициналық көмектің көлемін жоспарлау кезінде географиялық алыстығы, халықтың тығыздығы, демографиялық көрсеткіштері, жыныстық-жастық құрамының ерекшеліктері және медициналық көмектің қолжетімділігіне әсер ететін өзге де өлшемшарттар ескеріледі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтілгендей, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті 235 медициналық ұйым ұсынады, олардың 227-сі осы қызметтерді алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде көрсетеді.

Халыққа консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін 731 медициналық ұйым Қордың жеткізушілері болып табылады, оның ішінде ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде – 234 ұйым бар.

 

Ауылға арналған стационарлар

2021 жылы Қор ауыл халқына стационарлық көмек көрсету қызметтерін жеткізушілермен 121,2 млрд теңге сомаға шарт жасасты, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 49 млрд теңге және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде 72,2 млрд теңге сомасында. Осылайша, медициналық сақтандырудың арқасында ауылдық медицинаны қаржыландырудың көлемі айтарлықтай өсті.

Осы жылдың 9 айында ауылдық пациенттер ТМККК бойынша 36,2 млрд теңгеден астам сомаға емделді. Стационарлық жағдайдағы медициналық көмектің ең көп көлемі Алматы облысының ауылдық медициналық ұйымдарында – 7,2 млрд теңгеден астам сомаға көрсетілді.

МӘМС бойынша осы кезеңде ауылдық стационарларда 52,4 млрд теңгеден асатын сомаға 500 мыңнан астам пациент емделді. Түркістан облысындағы ауыл тұрғындары МӘМС бойынша стационарлар деңгейіндегі ең көп медициналық көмекті алды – 13 млрд теңгеге жуық сомаға 110 мың пациент емделді.

 Доңғалақтардағы медицина

Биыл еліміз айтулы оқиға – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Егемендік алған сәттен бастап біздің еліміз бүкіл қоғамның өмірінде көрініс тапқан мәселелерге тап болды. Осындай мәселелердің бірі шалғай ауылдарда тұратын тұрғындарға медициналық көмек көрсету болды. Әдетте, оларда тек медициналық пункттер ғана бар, олардың жабдықтары мен штаты толыққанды зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында шалғайдағы ауылдық пункттер үшін көлік медицинасын дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылғы жылы республика бойынша ауыл тұрғындарына 149 жылжымалы медициналық кешен медициналық қызмет көрсететінін атап өтті.

Жылжымалы медициналық кешендер-бұл қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған доңғалақты клиникалардың бір түрі болып табылады. Олар аудандық ауруханаларға бекітіліп, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында, ауылдық округтерге шығады.

Жылжымалы медициналық кешендер маңызды функциялардың бірін орындайды-кейіннен динамикалық бақылау және сауықтырумен профилактикалық медициналық тексерулер жүргізеді. Қызметтер арасында ең көбі медициналық кеңес беруге  қабылдау болып табылады (қызметтердің жалпы санының шамамен 75%-ы). Сонымен қатар, зертханалық зерттеулер, ЭКГ, ультрадыбыстық зерттеу, рентген қызметтерін де осы санаттан көруге болады.

2021 жылға Қормен ТМККК бойынша жылжымалы медициналық кешендерге қызмет көрсету мақсатында 830,5 млн. теңге сомаға шарттар жасалды. Ал МӘМС жүйесінде – 3,4 млрд теңгеден астам сомаға.

9 айда ауыл тұрғындарына 1,2 млрд теңгеге жуық 650 мың қызмет көрсетілді. ЖМК қызметтерінің ең көп саны Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында көрсетілді.

Егер сізде елді мекендегі медициналық көмектің қолжетімділігі жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда, сіз өз облысыңыздың денсаулық сақтау басқармасына жүгіне аласыз. Егер мәселені шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы хабарласуға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы 24/7 Qoldau және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
43 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
259 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
752 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1129 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1062 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1489 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2105 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2272 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2278 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2327 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2333 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1977 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2812 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2869 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2862 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3472 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3444 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3430 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3408 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3572 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3618 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»