5 қабаттан секірмек болған
3 сәуірде Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі Патрульдік полиция батальонының екі инспекторы өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды.
Өздеріне бекітілген әкімшілік аймағын тексеріп жүрген Патрульдік полиция батальоны 520 экипажының қызмет инспекторлары Руслан Мұқсанов пен Райымбек Қабылов кешкі сағат 20:15 шамасында «Зачаганск» ықшам ауданы, №25 Чапаев дивизиясы көшесіндегі 9 қабатты бір үйдің тұсынан өтіп бара жатып, көпшілік тұрғындардың жиналып тұрғанын көреді. Полиция қызметкерлері бір мезетте жоғары тұстағы балконның шетінде ілініп тұрған әйел адамды көздері шалады. Сақшылар шұғыл қызметтерге, Шаған полиция бөліміне хабарласып, дереу ақпарат береді.
Екі инспектор тез арада пәтерге кіріп, әйел адамның тілін тауып, сөйлесіп балкон сыртында ілініп тұрған жерінен ішке еппен кіргізеді. Дәл қазір әйел дін аман. Отбасындағы жағдайларға байланысты осындай қадамға барған екен.
– Біз балконның сыртқы қапталында құлағалы тұрған әйелді көргенде еш ойланбастан құтқарып қалуға ұмтылдық. Шошытып алмайық деп бір-бірлеп подьезге кірдік. Сосын зулап 9 қабатқа көтерілдік. Жоғарыдан төменге қарап тұрған әйелді жылы сөйлеп ішке шақырып, қолтығынан демеп, терезеден кіргіздік. Қорқыныш пен үрейді білмедік. Мақсатымыз – жерге аман түсіріп алу ғана болды. Жас адам, өмірі әлі алда ғой,- дейді түнгі ауысымдағы қызметін сәтті тапсырған полиция аға лейтенанты Руслан Мұксанов пен полиция лейтенанты Райымбек Қабылов. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 105 бабы бойынша сотқа дейнгі тергеу басталды.
БҚО ПД Баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу