8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Тамыз 2020 876 0
Қоғам

9,4 миллион қазақстандық мобильді азаматтар базасына тіркелді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері карантиндік шектеулер енгізілгеннен кейін наурыз айынан бері 1,6 миллион азаматты мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркеді. Жалпы, мобильді құралдар арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін бұл базаны қазіргі таңда 9,4 миллион қазақстандық қолдануда.


«Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның бірқатар маманы қайта даярлаудан өтіп, видеокеңесші ретінде азаматтарды қашықтықтан МАБ-на тіркеуге кіріскен.
«Қазір 1414 сall-орталығында бір жарым мың адам жұмыс істейді. Соның ішінде 400 видеокеңесші онлайн тәртіпте тұрғындарды мобильді азаматтар базасына тіркеумен айналысады. Осының нәтижесінде коронавирус індеті кезінде де бұл үрдіс тоқтамай, соңғы 5-6 ай ішінде мемлекеттік қызметтерді мобильді құралдар мен egov.kz порталы арқылы алушылардың қатары 1,6 миллионға артты», – деді Әсемгүл Балташева.
МАБ-қа тіркелген тұлғалар мемлекеттік қызметтерге eGovMobile қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы қол жеткізіп, сондай-ақ проактивті қызметтер мен басқа да сервистердің игілігін көре алады. Оның үстіне МАБ қолданушыларына құжаттың дайын болғандығы немесе ЭЦҚ мерзімінің өтіп бара жатқандығы туралы sms-хабарлама келеді.
Айта кету керек, мобильді азаматтар базасына egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы немесе egov.kz виртуалды кеңесшісінің көмегімен тіркелуге болады. Мобильді азаматтар базасындағы тіркеуді тексеру үшін egov.kz электрондық порталындағы «Сервистер» бөлімін қарау керек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
122 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»