84 КӨЛІК ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Жыл басынан бері БҚО ТЖД күштері арқылы қар көшкінінен 84 машина эвакуацияланды.

Биылғы жылдың 5 қаңтарында облыста бұрқасын жел туралы ескерту жарияланды және сол күні сағат 11.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына орай «Казавтодор» ЖШС БҚОФ автокөліктердің барлық түрлері бойынша облыстың барлық бағыттарындағы (республикалық және облыстық маңызы бар) қозғалысты жабу туралы хабарлаған болатын.
Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті халықтың жолдардың жабылатыны, бұрқасын желді алдын ала ескерту туралы хабардар ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.
2019 жылдың басынан БҚО ТЖД Бірыңғай жедел-құтқару қызметі басқармасы халыққа 21 СМС хабарлама жіберді, оның 1-і қатты желді алдын ала ескерту және 20-сы жолдарды жабу бойынша.
Бірақ, өкінішке орай, автокөлік жүргізушілерінің барлығы бірдей құтқарушылардың үндеуіне құлақ аса бермейді, нәтижесінде түрлі жағдайлар орын алды.
Мәселен, 2019 жылдың басында БҚО ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе 84 машинаны эвакуациялап, 137 адамды құтқарды, құтқарғандардың 14-і бала.
Осы ретте БҚО ТЖД қыс кезеңінде көлікте сақтану бойынша шараларын еске салады.
– Ауа райы туралы ақпаратты қадағалап жүріңіз;
– Боранды күні түнде жолға (сапарға) шықпаңыз;
– Жолдан ауытқымауға (шықпауға) тырысыңыз;
– Машинада азық-түлік қорын, ыстық шайы бар термос ұстаңыз;
– Қатты боранда тоқтаған кезде машинаның капот жағын желге қарсы қаратып қойыңыз;
– Әр сәт сайын газ шығатын түтіктегі қарды тазалап, жанармайды үнемдей отырып, мезгіл-мезгіл автокөлікті қыздырып алыңыз;
– Даурықпаңыз, машинадан шығарда жіп (шарфпен, белбеумен және т.б.) арқылы өзіңізді сақтандырыңыз (шарфом, поясом и т.д.)
– Машинадан алыс ұзап кетпеңіз.
Төтенше жағдай туындау кезінде «101», «112» телефон номерлеріне қоңырау шалыңыз.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу