8 мектеп оқушылары Президенттен көмек сұрады
Оралдағы N8 мектеп-лицейдің оқушылары Қасым-Жомарт Тоқаевтан білім мекемесінің ғимараты үш жылдан бері жөндеуден өтпегенін айтып, мәселені шешуге көмектесуін өтінді. Оқушылар басқа мектеп ғимаратының бөлек бөлігінде сынып бөлмелерінің жоқтығына шағымданады. Білім алушылар үшін мәжіліс және спорт залдары, фельдшерлік пункт, мұғалімдер бөлмесі қарастырылмағанын айтқан жоғары сынып оқушылары мемлекет басшысынан көмек сұрайды.– «Біз толық білім ала алмаймыз. Құрметті Президент! Біз балалар, осының бәріне шыдап, соңғы шешімді күтуден шаршадық. Біз тәуелсіз Қазақстанның балаларымыз және мектебіміздің қабырғасында білім алғымыз келеді, нағыз оқушының барлық құқықтарына ие болғымыз келеді. Ісімізді бақылауға алуыңызды сұраймыз»,- дейді мектеп оқушылары. Мектеп ғимаратын жөндеу жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында ғана басталған. Мердігер дайын нысанды 2023 жылдың ақпан айында тапсыруға уәде беріп отырған көрінеді. Бүгінде мемлекет қазынасынан күрделі жөндеуге 130 млн. теңге қаражат бөлінсе игерілген қаржы не бары 16 млн. теңге. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық 8 мектеп 1952 жылы салынған. Бұл білім ошағында 291 оқушы білім алады.Олар бірнеше жылдан бері қаланың шеткі ауданындағы 37 мектепте білім алып жүр. Негізінен жөндеу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын аяқталуы тиіс еді. Оралда бұдан бөлек 31-ші мектеп құрылысында да кідіріс бар. Бұл мектеп толықтай сүрілгендіктен жаңа нысан бой көтеруі тиіс.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу