61 БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Бүгін Оралда 2019-2020 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші, яғни облыстық кезеңінің қорытындысы жарияланды.

Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткен салтанатты марапаттау жиынына облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев қатысты.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 455 оқушы жолдама алған еді. Алайда, түрлі себептерге байланысты тек 433 ғана қатысыпты. 14 пән бойынша 162 жеңімпаз-жүлдегерлер анықталған. Олар облыстық білім басқармасының дипломдарымен және арнайы, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз-жүлдегерлердің 61-і алдағы наурыз айында Қарағанды, Талдықорған қалаларында өтетін республикалық кезеңге жолдама алып отыр.
Сондай-ақ математика, физика, информатика және химия пәндері бойынша жүлдегер атанған 11 сыныпта оқитын 12 батысқазақстандық оқушы Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 100, 50, 30 пайыздық және осы пәндер бойынша жеңімпаз атанған 6 оқушы Астана Халықаралық университетінің 100 пайыздық грант сертификаттарын алды.
Облыстық білім бәсекесінің қорытындысы бойынша командалық ұпай санымен Білім-Инновация лицейі – бірінші орын, Орал қаласы мектептерінің командасы – екінші орын, №11 Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі – үшінші орын алды. Үздік нәтиже көрсеткен Сырым ауданының командасы арнайы алғыс хатпен марапатталды.




Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу