№52 МЕКТЕПТІҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫН ТҰР
Таяуда Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары тексеріс жүргізген кезде қаладағы 38 мектептің 16-сында сынып оқушыларының саны талапқа сай 25 баладан артық, яғни 16 мектеп партасында 32-ге балаға дейін отырғаны анықталған. Мәселе қалай шешімін табады? Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Батиқа Пайдина айтып берді.
Орал қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Батиқа Пайдинаның мәлімдеуінше, қазіргі таңда қаладағы 51 жалпы білім беретін орта мектепте 54 мыңға жуық бала білім алуда. 51 мектептің 7-еуі бір ауысымда, бес мектеп үш ауысымда, қалғаны екі ауысымда жұмыс жасайды. Үш ауысымдағы мектептер тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатқан Зашаған кентінде орналасқан. Екі ауысымдағы білім ұяларында сынып оқушыларының саны бекітілген талаптан артық. Мектептердің сыйымдылығы әр түрлі. Мәселен, 1200 орындық мектепте 3000-ға дейін бала білім алуда.
Ал қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың айтуынша, жақында Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары тексеріс жүргізгенде 38 мектептің 16-сында осындай мәселе туындаған. – Қалған мектептерде мұндай мәселе жоқ. Кей мектептерде бала тапшы, яғни бос орындар бар. Келесі оқу жылынан бастап осы көрсеткіштерге сүйеніп, ата-аналармен келісім негізінде оқуға келген балалардың сол мектептерге баруын ұйымдастырамыз. Зашаған кентінде халық тығыз орналасқан, күні бүгінде тұрғындар саны 50 мыңнан асты. Былай қарасаңыз, облыстың үш ауданының халқының санымен парапар. Қазіргі таңда негізгі мәселе осы ауданда туындап отыр. Кент аумағындағы төрт мектепте үш ауысымды оқу жүзеге асуда. Биыл, №51 мектептің құрылысы басталды. Зашағандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағынан 900 орындық осы мектеп пайдалануға берілсе, үлкен қолдау болар еді, – деген Бақытжан Қаберұлы қазір №52 мектептің де жобасы аяқталғаны туралы жағымды жаңалықты жеткізді. Жаңа білім ұясының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын тұр. Қаржы бөлінген жағдайда, осы кенттегі №30 мектептің аумағынан №52 мектептің де құрылысы басталмақ.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу