5 ЖЫЛ БҰРЫН ТІРКЕЛГЕН МАЛ ҰРЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
БҚО-да Мал ұрлау фактілерін анықтап, жолын кесуге және өткен жылдары орын алған қылмыстарды ашуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел алдын алу шараларының аясында бірнеше жыл бұрын тіркелген қылмыстар ашылды. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Теректі ауданы полиция қызметкерлері мал ұрлады деген күдікпен 1981 және 1988 жылы туған екі азаматты ұстады. Олардың 2015 жылы азамат А-ға тиеслі 10 бас мал ұрлағаны анықталып отыр. Бұл жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-тармағы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.
Ал Шыңғырлау ауданында 2014 жылдың қазанынан бастап 2015 жылдың тамыз айына дейінгі аралықта 13 бас ұсақ малды жайылымнан ұрлаған 1976 жылғы К есімді азамат ұсталды. Аталған факт бойынша іс қайта қозғалып, 188-баптың 1-тармағы Ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
2019 жылдың шілдесінде Даринск елдімекеніне жақын жерде, еркін жайылымнан қой ұрланған. Бұл қылмысқа кінәлі деп 1981 жылғы Ж есімді азамат анықталды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы, 1-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөрлі ауданы полицейлері бұрын жұмыс атқарған шаруа қожалығынан қой ұрлаған 1977 және 1974 жылғы ерлі-зайыптыны анықтап, ұстады. Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-тармағы Мал ұрлығы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ осы жылдың тамызында Қаратөбе ауданы аумағында жайылымнан төрт қойды ұрлап кеткен адам ұсталды. Іздестіру жұмысы нәтижесінде 34 жастағы аудан тұрғыны анықталды. Аталмыш жайтқа сәйкес Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 1-тармағына сай іс жүргізілуде.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу