5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АҚША ҰРЛАҒАН
12 қазанда Шаған полиция бөліміне қарасты аймақта пәтер ұрлығы тіркелді. Күдікті он сағат ішінде ұсталып, ұрланған заттар тәркіленген. Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сағат 11.00 мен 14.30 аралығында Зачаганск ауданы Тұмарханым көшесі бойындағы жер үйден 5 миллионға теңгеге жуық ақша ұрланған. Бейтаныс тұлға үйде ешкім жоғын байқап, тапа-тал түсте үйдің есігіндегі құлыпты сыындырып ашып, үй ішіне еркін кірген. Үй илерінің жаңадан үй немесе пәтер сатып аламыз деп тірнектеп маңдай терімен жиып-терген ақшасын ұрлап, үйден жәймен сытылып шығып кеткен.
Пәтер ұрлығы тіркелді деген жедел мәлімет бойынша мекенжайға барған Шаған полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері күдіктінің ізіне түсті. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 10 сағат ішінде күдіктіні құрықтады. 1996 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Ақжайық ауданының тумасы Шаған полиция бөліміне жеткізілгенде пәтерге ұрлыққа түскенін мойындады. Оның қолынан ақша түгелімен тәркіленіп, үй иесіне қайтарылды. Ұрланған корпусы қоңыр түсті «Нокиа» маркалы ұялы телефон да тәркіленді.
Ақшасын көріп, қолына алған 1965 жылғы үй иесі ұрлықтың ізін суытпай ашқан полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, риза болды.
Бүгінгі күні күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шаған полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-тармағына сай қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
2020 жылдың 9 айында Шаған полиция бөлімінде 22 пәтер ұрлығы тіркелді, өткен жылдың 9 айында 48 пәтер ұрлығы тіркелді.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу