8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Мамыр 2020 1497 0
Қалалықтар қаперіне

«5-10-20» ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Бүгін Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектегі азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге  арналған жаңа жобаны іске  асырылатынын айтты. 

– Елбасының бастамасымен қолға алынған «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несие беру ісіне және тұрғын үй құрылысына тың серпін берді. Кезекте тұрған азаматтардың мәселесін шешу үшін тұрғын үй несиесімен қамтамасыз етуге арналған «5-10-20» жаңа жобасын іске асыруды тапсырамын. Осыған орай дағдарысқа қарсы бөлінген қаражат есебінен 390 миллиард теңге бөлеміз. Биыл елімізде бұрын-соңды болмаған көлемде тұрғын үй салынады. Атап айтқанда,  15 миллион шаршы метр немесе 150 мың пәтер. Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту – маңызды мәселе.  Шын мәнінде, бұл – Үкімет жұмысындағы стратегиялық басымдығы бар бағыттардың бірі. Сол үшін институционалдық құрылымды жаңғырту керек. Үкімет жыл соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы негізінде толыққанды даму және қолдау институты саналатын «Отбасы банкін» құруға тиіс. Бұл құрылым тұрғын үй есебін, кезекке қою және үй беру тәртібін бір орталықтан жүзеге асыратын болады. Азаматтарымыздың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға пайдалануы осы саладағы жүйелі өзгерістің жалғасы болмақ. Мен аталған мәселе бойынша бұған дейін тапсырма берген болатынмын. Бірақ төтенше жағдай режиміне байланысты оның орындалуы созылып кетті. Осыған орай шешім қабылдайтын кез келді. Оны Үкімет 1 шілдеге дейін жария етуге тиіс. – деді ҚР Президенті.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»