8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Мамыр 2024 2707 0
Білім

43 оқушы «Балдәуренге» жолданды

Орал қаласынан 43 оқушы «Балдәурен-Түркістан» Республикалық оқу сауықтыру орталығына жолданды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балдәурен-Түркістан» РОСО-ың жоспар кестесіне сай, Ә.Молдағалиеваның туғанына 100 жыл толуына орай «Батырлар ізімен» әскери-патриоттық клубтарының жиынын ұйымдастыру және су тасқынынан зардап шеккен отбасы балаларын оқу сауықтырудан өткізу жоспарланған.

Орталыққа қала мектептерінен спорт пен әскери сайыстарда жетістікке жеткен оқушылар, су тасқынынан зардап шеккен отбасы балалары жіберілді. 23 мамырға дейін жоспарланған жиын аясында оқу процесі де ұйымдастырылатын болады. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатымен спорттық, шығармашалық шаралар өткізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы «Тау Жанашар» лагерінде су тасқынына зардап шеккен отбасылардан 35 бала демалыстарын өткізіп келді.

Қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
11 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
22 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
91 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»