«42 500 ТЕҢГЕ» ТӨЛЕМІН ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕЖЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы арқылы Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға әлеуметтік төлемдер жүргізу ережесіне нақтылаушы өзгерістер енгізілді.
Тиіс өзгертуге сай, Төтенше жағдай (әрі қарай – ТЖ) кезінде табысынан айырылуы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай – МӘСҚ) адам басына айына 42 500 теңге әлеуметтік төлемге ала алатын азаматтар санаты қысқарған жоқ.
«42 500 теңге» төлемі келесі азаматтар санатына тағайындалады:
– жеке кәсіпкерлерге және шағын-орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
– карантин енгізілген елдімекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
– жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға (нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар);
– ҚР Салық кодексінің 774 бабына сәйкес, Бірыңғай жиынтық төлем (әрі қарай – БЖТ) төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;
– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.
1) және 2) тармақшаларының ұлттық басқару холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысы жоқ.
42 500 теңге әлеуметтік төлемді ала алмайды:
– ТЖ енгізілгенге дейін Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған азаматтар (олар үшін жұмыс берушілер немесе өзі үшін ЖК аударым жасамаған);
– Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған БЖТ төлеушілер (ресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар ТЖ енгізілгенге дейін төлеу керек болса, бейресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар әлеуметтік төлемге өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек);
– АҚС шарттары бойынша табыс алатын, бірақ ТЖ енгізілгенге дейін зейнетақы жарнасын жасамаған жеке тұлғалар;
– екі жұмыс орнында жұмыс істеген азаматтар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, егер олар бір жұмыс орнында болсын қашықтан жұмыс істеуді жалғастырса;
– ТЖ енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш төлеген азаматтар, егер олар зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды алатын болса;
– басқа елге тұрақты тұруға көшуге байланысты тіркеуден шығарылған адамдар.
Версия для печати
Пікір үстеу