400 МЫҢ ТЕҢГЕ АЛУ ТИІС: АЙМАҒАМБЕТОВ ЖОО ОҚУТУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ҚАШАН ӨСЕТІНЕН АЙТТЫ
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында биыл қыркүйек айынан бастап ведомствоға тікелей бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейетінін айтты.
Министрдің сөзінше, оқытушыларға лайықты жалақы төлеп, олардың қалыпты жұмыс атқаруына жағдай жасау – жоғары білім сапасын арттыру үшін маңызды.
Аймағамбетов бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен министрлікке тікелей бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы 20 пайызға, кейін 2020 жылғы қыркүйек айында тағы 20 пайызға ұлғайтылғанын хабарлады. «Дегенмен, қабылданған шараларға қарамастан жалақы көлемін әлі де арттыру қажет.
Бұл ретте, болған жалақының базасының төмен болуына байланысты, тіпті жалақыны 20-40 пайызға ұлғайту шаралары да жеткіліксіз болып отыр.
Мәселен, ҚазҰУ-да оқытушының орташа жалақысы 108 мың теңге болса, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 105 мың теңге, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде – 101 мың теңге, ал Қарағанды индустриалды университетінде 99 мың теңге. Мұндай жалақы мөлшері оқытушыларды аса ынталандыра қоймайтыны анық» , – дейді министр.
Оның сөзінше, кейбір университеттер оқытушылардың жалақысын көтеру кезінде лауазымдық жалақы мөлшерін негізге алған. Ал лауазымдық жалақы мөлшері оқытушылардың түрлі қосымша ақыларды қоса алғандағы нақты жалақысынан төмен. Екінші бір ЖОО-лар жалақыны педагогикалық жүктемені көбейту арқылы арттырған.
Нәтижесінде бірқатар оқу орнында оқытушы ставкасының көлемі 900 сағатқа дейін жеткен. Асхат Аймағамбетов осыған байланысты президент тапсырмасын орындау үшін ведомствоға бағынышты университеттермен кеңес өткізіп, екі норманы бекіткенін мәлімдеді. «Бірінші. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап штаттағы оқытушылар үшін минималды жалақы мөлшерін белгілеу.
Яғни, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап БҒМ-ге ведомстволық бағынышты жоғары оқу орнында штаттағы оқытушы айына кем дегенде 200 мың теңге, аға оқытушы – 230 мың теңге, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге; профессор 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алуы тиіс.
Бұл жалақының ең төменгі мөлшері болуы керек. Сондай-ақ әр жоғары оқу орны оқытушылардың белгілі бір жетістіктері үшін басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, төлей алады.
Екінші. Педагогикалық жүктеменің максималды көлемін 1 ставка үшін 680 сағаттан асырмау. Әрине, бұл педагогикалық жүктемесі аталған көрсеткіштен төмен ЖОО-ларды (жылына 450 немесе 500 сағат) ештеңеге міндеттемейді. Яғни, сағат санын белгіленген 680-ке дейін жеткізу міндеті тұрған жоқ.
Оқытушыға берілген 1 ставка көлемі 700-900 сағат немесе одан жоғары болатын жоғары оқу орындары сағат санын 680-ке дейін төмендетуі керек», – дейді Асхат Аймағамбетов. Сонымен бірге министр бұл бұйрықтың ерте қабылдану себебін де айта кетті. Сөзінше, қыркүйекке дейін ЖОО басшыларына өз шығыстарын қайта жоспарлап, кірістерін ұлғайту үшін уақыт берілген.

Соңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу