34 ОҚУШЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПТІ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ТІРКЕЛГЕН
2018 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысындағы криминогендік жағдай қылмыстық құқық бұзушылықтың 11 пайызғатөмендеуімен сипатталады. Қылмыс саны алдыңғы жылғыдан 12 420-дан 11 105-ке дейін азайған. 2 102 қылмыстық іс электрондық форматта тіркеліп, оның 708-і сотқа жолданған.

БҚО прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау 33 пайызға азайған. Бұл қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шараларының кең қолданылуына байланысты.
10 кәсіпкер түзеу мекемелерінде жұмыс орындарын ашып, 263 сотталған азаматты жұмыспен қамтып отр. Сотталғандар бюджетке 59 млн. теңге төледі.
Сот орындаушылармен бірлесіп, 31 млн. теңге қылмыстық айыппұл өндірілді.
Әлеуметтік-экономикалық салада 1 мыңнан астам азаматтың пайдасына 40 млн. теңгеден астам зейнетақы аударылымдары өндірілді. 34 оқушы тіркелген әлеуметтік желіде қауіпті 8 қауымдастық анықталып, жабылды. Әкімшілік істер бойынша сот актілерін қайта қарау нәтижесінде 6 млн. теңге қаражат қайтарылды.
Жоғарғы Сот пен облыс прокуратурасының бастамасы негізінде енгізілген азаматтық істер бойынша 7 кассациялық наразылық қанағаттандырылған. Анықталған бұзушылықтар бойынша 4 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Атқарушылық өндіріс бойынша қадағалау актілерімен бюджетке 123 млн. теңге өндірілді, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 23 және 71 тұлға тартылды, 2 жеке сот орындаушы қызметін тоқтатты.
Шағымдарға ықпал ету механизмін жетілдіру нәтижесінде азаматтардың мемлекеттік органдарға өтінішпен жүгінуі 11 пайызға, прокуратура органдарына шағымдануы 20 пайызға азайды. Құқық қорғау қызметтері орталығына 1 710 азамат жүгінді, оның 1 020 прокурормен қабылданып, барлығына заңнама талаптары түсіндірілді, талап арыз толтыруға, шағым жасауға көмек көрсетілген.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу