29 мың автокөлік иесі айыппұл төлемей жүр
Бүгінде ел бойынша айыппұл тұрағында 29 мың автокөлік тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті.
«Қорғау» бағдарламасы – жалған нөмірлі автокөліктерді, сақтандырусыз, іздеу салынған немесе жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөліктер мен олардың иесін анықтайды. Сонымен қатар аталған қосымша айыппұлы төленбеген автокөліктерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұрын заң бұзушылықтарды анықтау үшін көліктерді тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексеру қажет болатын, ал қазір ақпараттық жүйе көшедегі бейнекамераларға жазылған деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне «қауіпті» жүргізуші деген хабарлама жібереді. Осылайша, полиция жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтайды», – деді Ақтоты Боранова ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, мобильді қосымшаның көмегімен жалған автокөлік нөмірімен жүрудің 1,5 мыңға жуық фактісі анықталды.
«Сондай-ақ 6 мың көлік жүргізуші куәлігінен айрылды, 8,5 мың мемлекеттік нөмір тәркіленді және айыппұл тұрағында 29 мың автокөлік тұр. Осы орайда өңірлерге жол ережелерін бұзу фактісін жылдам анықтайтын бейнекамераларды оның ішінде «Қорғау» жүйесіне қосылған камералар желісін арттыру ұсынылады. Бұл көлік жүргізу мәдениетін арттыруға және жазаны автоматты белгілеуге мүмкіндік береді», – дейді ол.
ІІМ-нің мәліметі бойынша бүгінде ел аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайын тіркейтін 22 мың автоматты камера орнатылған. Олардың көмегімен ереже бұзушылықтың 50%-ы анықталады.
Дереккөз: kazinform.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру