8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2018 2008 0
Қалалықтар қаперіне

27 МЫҢ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

            Қазанның 20-сында өтетін сенбілікте облыс аумағында 27 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Осы мақсатта қазанның 13-і күні Ықсанов көшесінде әр сенбі сайын өтетін жәрмеңкеде жергілікті орман шаруашылығымен айналысатын серіктестіктер ағаш көшеттерін саудаға шығарса, қазанның 19-ы жұма күні күні дәл осындай сауда «Ел ырысы» базарында өтеді. Сенбілікке атсалысатын мекеме, ұйымдар, жеке тұрғындар осы аумақтардан көшеттер алып,  20 күні жаппай сенбілікке қатысулары тиіс. Бұл туралы қала әкімдігінде банк өкілдері, құрылыс компаниясы басшылары, депутаттардың қатысуымен өткен жиында  Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары  Махамбет Ихсанғали  мәлімдеді.     

 

–  Қазіргі таңда шаһарымызды көгалдандыру барысында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінде жаңа шағынаудандар, жаңа көшелер пайда болуда. Сондықтан көгалдандыру жұмыстары күн тәртібінен түспейді. Атап өту керек, Елбасы өңірімізге сапарында Оралды «Ең экологиялық таза қала»  деп атаған болатын. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік. Осыған байланысты тұрғындардың шалтты тұрмысы үшін қаланы әрі қарай көгалдандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Мәселен, «Халық банкі» осыдан бір ай бұрын өз еріктерімен қаладағы жасыл желектердің қатарын толықтырды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер туған жерлерін түлетуге зор үлес қосуда. Қала күні қарсаңында көптеген ауданда, округтерде тынымбақтар ашылды. Т.Масин көшесіне кәсіпкер А.Жақыпов өз қаражаты есебінен тынымбақ салуда. Медициналық ұйымдардың бастамасымен «Ет комбинаты» ауданынан тамаша «Денсаулық» саябағы ашылды, – деген қала әкімі Мұрат Мұқаев  баршаны жаппай сенбілікке белсенді атсалысуға шақырды.

Қалалық мәслихат депутаты Валентина Михно жыл сайын көктем мен күз айларында өзі басшылық ететін «Отделстрой» мекемесі ұжымымен сенбілікке елеулі үлес қосып келеді. Жиын барысында Валентина Павловна  «Самал», «Кардиоцентр» аудандарындағы ормандарда емен, терек секілді сирек кездесетін ағаштар тығыз орналасқанын айтып, солардың өскіндерін өзге қаланың аудандарына егу туралы ұсынысын жеткізді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
225 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
262 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
424 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
614 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
860 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
938 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1045 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1051 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1078 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1090 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1196 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1410 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1728 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1610 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1720 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1710 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1840 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1887 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1829 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1840 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»