247 МЫҢ АДАМ ЕМХАНАНЫ ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНДЫ – ӘМСҚ
Қазақстанда 15 – қыркүйек пен 15 – қараша аралығында емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқан аяқталды. Осы кезеңде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын 247 мың адам пайдаланды, оның 2 мыңы емханаға алғаш рет тіркелді.
«Бекіту науқанының қорытындысы бойынша халықтың бөлінуін ескере отырып, медициналық ұйымдарды келесі жылға қаржыландыру көлемі қалыптастырылатын болады. Науқан шеңберінде емхана ауысқан кезде азаматтар 2022 жылғы 1 – қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС бойынша көмек ала алады. Аталған уақытқа дейін оларға бұрынғы медициналық ұйымда қызмет көрсетіледі», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінде түсіндірілді.
Бекіту науқанына барлығы 624 МСАК нысандары қатысты, оларда 13 мыңға жуық учаске жұмыс істейді. Салыстыра кететін болсақ, 2021 жылы бекітілу науқаны бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек 521 медициналық ұйымда қол жетімді болды. Жыл сайын амбулаториялық-емханалық көмек өнім берушілерінің саны өсуде, бұл халыққа медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 16 – қарашадағы жағдайға сүйенетін болсақ, республика бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 19,4 млн-нан астам адам бекітілген, олардың ішінде шетелдіктер мен қандастар да бар.
Естеріңізге сала кетейік, бекітілу науқаны-емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі болып табылмайды. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса немесе жойылса және тағы басқа жағдайларда да жүргізіледі.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз жақын маңдағы емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, 24/7 Goldau мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу