8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2019 2282 0
Өзек

ҚЫЛМЫСЫН 25 ЖЫЛ БОЙЫ ЖАСЫРҒАН

25 жыл бұрын із-түссіз  жоғалып кеткен бөрлілік әйелдің мәйіті табылды.  Бұл туралы БҚО ПД  мамандары  мәлімдеді.

Қылмысқа қатысы бар күдікті өз еркімен келіп тәртіп сақшыларына болған оқиғаны баяндаған. Яғни, осыдан бірнеше жыл бұрын қоғамдық көлікте марқұммен танысқан айыпты өзара келісім бойынша көлік  жөндеу орнында ішімдік ішеді. Көңіл көтерудің соңы жанжалға ұласып, 1971 жылғы азамат оның басынан белгісіз құралмен соғып қалады. Жаралы болған ол, сол соққыдан соң есін жимайды. Қылмысын жасырмақ болған күдікті әйелді жерге көміп,  жеке заттары мен киімдерін өртеп жіберген.

Ширек ғасып өткен соң ол полицейлерге келіп, жасаған қылмысын өзі мойындапты.  БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков оған қатысты «кісі өлтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын айтты.   –  Ағымдағы жылғы 6 шілдеде БҚО Бөрлі ауданының полиция бөліміне 1971 жылы туылған азамат келіп, 1994 жылы БҚО, Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында қызды өлтірген туралы мәлімдеген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – дейді Болатбек Еркебұланұлы.

Тексеру барысында полицейлер күдіктінің нұсқамасы бойынша қазба жұмыстарын жасап, белгісіз тұлғаның қаңқасын тапты.

Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
110 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
85 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»