8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қазан 2018 4000 0
Қоғам

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ

Бүгін облыстық мәслихаттың мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезекті XXІІ есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев және Саяси кеңесі мүшелері, партия ардагерлері, облыстық мәслихаттың депутаттық фракция мүшелері, аудандық филиалдар төрағалары, атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдары төрағалары қатысты.

Есеп-беру сайлау конференциясын партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Алтай Көлгінов ашып, жүргізді. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сөз алған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен 20 жылға жуық тарихы бар, шын мәнінде халықтық ұйымға айналған «Нұр Отан» партиясы баянды бастамаларға қолдау көрсетіп, әрдайым экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы Елбасы саясатын ілгерілетудегі істердің ұйытқысы болып жүргенін атап өтті.

Серік Кенжебекұлының баяндауынша,  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы бойынша партия қатарында 34 128 мүше бар. Олар 275 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. 3354 мүше партия қатарына қабылданған. – Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша шаралар жоспарға сай жүргізіліп келеді. Есепті кезеңнен бері барлығы 68 комиссия отырысы өткізіліп, онда 122 ұсынба қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданған. Екі бастауыш партия ұйымы республикалық конкурстарының жүлдегері атанған. Атап айтсақ, 2016 жылы «Аксайгазсервис» БПҰ 2-орын алса, 2017 жылы «Батысэнергоресурсы» БПҰ республикалық байқаудың бас жүлдесіне ие болған. – Ағымдағы жылдың 14-15 қарашасында «Үздік» БПҰ республикалық байқауына Орал қаласынан «Юнисерв» және Бөкейордасы ауданынан «Тайыр Жароков» бастауыш партия ұйымдары қатысады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақтық жобалық кеңсесімен бірлесе «Туған жер», «Киелі жерлер географиясы», «100 жаңа есім», Қазақ тілі әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бағытындағы жұмыстар өз ретімен жүзеге асырылуда. Бес бастаманы бақылау бойынша облысымызда арнайы Қоғамдық кеңес құрылды. Бүгінде «7-20-25»  бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға 134 өтінім түсіп, 104-і мақұлданса, 81  облыс тұрғыны баспаналы болды. Биылғы жылдан бастап, партияның қызметін жаңғырту аясында «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жаңа 20 партиялық жоба іске асырылуда. Партияның «Заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханаларды қазіргі заманғы коворкинг және білім орталықтарына айналдыруды қолға алдық. Бүгінде облысымызда жастарға арналған 7 коворкинг орталық жұмыс жасауда. Есепті жылдың қорытындысы бойынша, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары 3841 қоғамдық қабылдау өткізіп, қабылдауға 6038 адам келді. Онда 2143 азаматтың мәселесінің 35,5%-ы оңтайлы шешілді, – дейді Серік Кенжебекұлы. Бұдан соң партияның облыстық филиалындағы бақылау-тексеру комиссиясының 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстарының есебін аталмыш комиссияның мүшесі Әсел Қартқожақова жеткізді.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев партия тарапынан жасалып жатқан іргелі істерге тоқталды.

– «Нұр Отан» партиясы Партия Төрағасы, Елбасының тапсырмасына сәйкес, елдегі әлеуметтік жаңғыру жұмыстарына белсене қатысуда. Осы бағытта жаңа бастамаларды қолға алды. Бұл бастамалар партияның цифрландыру саясатына қосқан үлесі болмақ. Ашықтықты қамтамасыз ету, білімпаздықты насихаттау мақсатында іске асып жатқан жобалар көп. Кітапханаларды білім тарату орталықтарына айналдыру жоспарланды. Шыны керек, көптеген кітапханалар бос тұр, көп ешкім бармайды. Соны коворкинг, білім орталықтарына айналдыруды көздейміз. Қазір мұндай орталықтар он өңірде ашылса, бүгінде осы өңірде жастарға арналған 7 коворкинг орталық жұмыс жасауда. Партияның «Заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханаларды қазіргі заманғы коворкинг және білім орталықтарына айналдыру қолға алынуда. Осы орайда жақында Қазақстан Жазушылар одағымен келісімшартқа тұрдық. Зиялы қауым өкілдерін осы орталыққа тартамыз. Коворкинг орталықтарында қараша айының 5-інен кейін зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізетін боламыз. Мақсат өмірлік тәжірибесін, жеткен жетістіктерін, жазған кітаптарын, шығармаларын көрсету, насихаттау. Бұл партияның  үлкен әлеуеттерінің бірі. ҚР Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, онлайн кітапхана ашамыз. Жыл соңына дейін 10 мың кітап цифрлы форматқа аударамыз. Батыс Қазақстанда 5 млн. 697 мың кітап қоры бар, 385 кітапхана жұмыс жасауда екен. Оның 83-і онлайн кітапхана жүйесіне қосылған. Бүгінде цифрландыруға жататын 5 290 кітаптың 3 259 кітап цифрлы форматқа аударылды. Қалған 2 200 кітап біртіндеп аударылады.  Мысалы, цифрландыруды насихаттау аясында ақысыз ІТ сыныптар және ІТ орталық жобаларын қолға алдық. Бұл жердегі мақсатымыз – білім беру үрдісіне араласып, білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізу емес, факультативтік сыныптар есебінен ақысыз балалардың компьютерлік сауаттылығын, дағдыларын дамытуға мән бергіміз келді. Шын мәнісінде, болашақта бағдарламашы болмауы мүмкін, басқа мамандықты таңдар, бірақ жастайынан ақпаратты ойлау дәрістерін үйрету керек. Кез келген жаңа технологияны меңгеруі керек.  Баланың санасында ақпараттық технологияларға деген жақсы көзқарас, сүйіспеншілік қалыптасқаны жөн.  Сөйтіп өздері таңдаған мамандыққа ақпараттық технологиялар арқылы келуге дағдыланады. Ал ІТ орталықтар жұмыссыз жастарға арналған жоба. Жастардың компьютерлік сауаттылығын ашуға қосымша мүмкіндік туғызады. Өндіріс орталықтары осындай орталықтар ашып, жұмысшыларын сауаттандырады.  Өйткені жаңа технологиялар үнемі өзгеруде. Бұл процеске кез келген мекеме дайын болуы керек. Қазір партия мүшелерінің саны 1 млн. 7 мыңнан асты. Бастысы, санға емес, сапаға көңіл бөлеміз. Партияда мемлекеттік қызметшілер көп деген теріс пікір бар. Шындығында мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 5 пайыз, – дейді  «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.

Конференция жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Алтай Сейдірұлы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда алдыңғы шепте партия мүшелері тұруы керегін айтты. – Партияның цифрландыру бағдарламасы қабылданды. Біз оны жүзеге асыруға кірістік. Соны алдымен өзімізден бастауымыз керек. Бүгін баяндама тыңдауға біраз уақыт жұмсадық. Сол баяндамаларды онлайн таратып, онлайн дауыс беруімізге болар еді. Осы жұмыстарды қолға алу керек. Сонда жиында өзекті мәселелерді талқылаған болар едік. Елбасы Жолдауының мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, аймақтағы мәселелерді шешуге бағытталды. Президент өңірге сапарында шалғайдағы Бөкей Орда, Жәнібек, Қазталов аудандарының жол мәселесіне көңіл аударып, Үкіметке нақты тапсырма берген болатын. Келер жылдан бастап жұмыстар басталады. Міне, бұл тұрғындардың жақсы өмір сүруі үшін маңызды мәселе. Жолдауында Елбасы ауызсу мәселесіне баса назар аударды. Аймақтарда таза ауыз су мәселесі күн тәртібінде тұр. Келер жылы алыс ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге 100 млрд. теңге бөлінеді. Ұстаздар мәртебесіне келсек, Елбасы мұғалімнің миссиясы  тек баланы оқыту, дәрігердікі емдеу екенін айтты. Қосымша жұмыстар болмауы тиіс. Сондықтан оларға қолайлы жағдай жасалады. Бүгін маңызды мәселелер талқыланды. Алда үлкен жоспарлар тұр, – деген өңір басшысы облысымызда жүзеге асып жатқан барлық жұмыстарға партиялық бақылау қатаң жүргізілуі керегін ескертті.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
74 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
284 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
776 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1152 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1080 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1512 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2128 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2295 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2302 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2351 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2356 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1996 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2837 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2891 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2887 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3495 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3466 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3454 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3433 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3594 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3640 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»