8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Тамыз 2019 1981 0
Өзек

2075 ДАНА КОНТРАФАКТІЛІК ӨНІМ ТӘРКІЛЕНДІ

БҚО Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығын қорғау саласы бойынша тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілеріне қатысты жоспардан тыс 16 мәрте жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 16 құқық бұзушылық анықтады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашқалиев мәлім етті. 

– Тексеру барысында  1 077 092 теңгені құрайтын 2075 дана контрафактілік өнім тәркіленіп алынды. Құқық бұзушы субъектілердің барлығына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 158-бабында (өзге құқық иегерінің тауарлық белгісін заңсыз пайдалану) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін барлығы 16 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, – дейді Естай Елтайұлы.

Есептік кезеңде сот 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарап, 13 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 946 875 теңгені құрайды. Сотпен тәркіленген контрафактілік өнімдердің жалпы саны 770 дана, оның жалпы құны 833 642 теңгені құрайды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»