2021 жылы КТ / МРТ арқылы көрсетілген қызметтердің көлемі төрт есеге артты
Қазіргі таңда МӘМС жүйесі арқылы көптеген медициналық қызметтерді алу оңай болды. Біздің елімізде онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының айтарлықтай жоғары көрсеткіштерін, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның болуын ескере отырып, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография қызметтерінің қолжетімділігі мәселесі өзектілігін жоғалтпайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл осы қызметтерге өнім берушілердің саны тиісінше 26% – ға және 21% – ға артқандығын атап өтті. Демек, бұл азаматтарда диагностикадан өтуге көбірек мүмкіндіктің пайда болғандығын көрсетеді.
Өнім берушілердің көптігі- қол жетімділіктің артуы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізгенге дейін КТ және МРТ қызметтерін ұсыну тұрақты қаржыландырылмайтын бағыттардың бірі болды. Өз аймағының ауруханасында немесе емханасында кезекте тұрған азаматтар КТ немесе МРТ-дан өту мүмкіндігін кейде бірнеше айлар бойы күтті.
Жағдай қалай өзгерді? Егер 2020 – жылы КТ бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өнім берушілері 135 медициналық ұйым болса, биыл 190 медициналық ұйым бар. Өткен жылы МРТ-ның 95 өнім берушісі болды, ал осы жылы – 121 медициналық ұйым осы диагностика бойынша қызмет көрсетеді. Бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады, өйткені Қор оларды нарыққа жақындату және жеке өнім берушілер үшін тартымды ету мақсатында төлем тарифтерін көтеруді қолдайды. Қазір көптеген елді мекендерде КТ/МРТ жеке кабинеттері ашылуда, олардың кейбіреулері қызметтерге деген жоғары сұранысты ескере отырып, тәулік бойы жұмыс істейді.
Атырау, Түркістан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласында КТ өнім берушілерінің саны айтарлықтай өсті. Ақмола және Павлодар облыстарында МРТ өнім берушілерінің саны артты.
Өнім берушілердің көпшілігі ірі өңірлерде халық санының өсуіне байланысты байқалады: Алматыда МӘМС жүйесі бойынша КТ қызметтері бойынша 19 медициналық ұйым және МРТ бойынша 16 медициналық ұйым, Нұр-Сұлтанда – тиісінше 17 және 11 медициналық ұйым, Түркістан облысында – тиісінше 15 және 12 медициналық ұйым, Шымкентте – тиісінше 13 және 11 медициналық ұйым,Алматы облысында – тиісінше 16 және 5 медициналық ұйым жұмыс жасайды.
Айта кетейік, өңірде қажетті медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді, сондықтан өңір ішіндегі қандай да бір ауданда жабдықталудың мониторингі мен өнім берушілердің қатысуы бойынша қажетті жұмысты денсаулық сақтау басқармалары жүргізеді.
Қаржыландыру сұраныстың өсуіне мүмкіндік береді
Биылғы жылы КТ және МРТ қызметтеріне жасалған шарттардың сомасы 2 есеге жуық өсті. Егер 2020 жылы бүкіл ел бойынша шарттардың сомасы шамамен 706 млн теңгені құраса, 2021 жылғы 1 – қарашадағы жағдай бойынша шарттар 1,4 млрд теңгеге дерлік жасалды.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысына сүйенетін болсақ КТ және МРТ-ға тиесілі медициналық сақтандыру бойынша 46,9 мыңға жуық қызмет көрсетілді, яғни емдеуші дәрігердің жолдамасы бойынша жоспарлы түрде.
Жалпы, ел бойынша көрсетілген қызметтер сомасы 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында шамамен 907 млн теңгені құрады.
Салыстыру үшін, өткен жылдың ұқсас кезеңінде жалпы құны 207,5 млн теңге болатын КТ/МРТ бойынша барлығы 11,4 мың қызмет көрсетілді. Осылайша, көрсетілген қызметтер көлемі 4 еседен астам өсті.
МӘМС арқылы томографиядан қалай тегін өтуге болады?
Науқасқа кез-келген диагностикалық процедураны емдеуші дәрігер тағайындайды. Ол науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерттейді. Тиісті көрсеткіштер болған кезде дәрігер КТ немесе МРТ жүргізуге жолдама бере алады. Бұл қызметті жоспарлы түрде алу үшін пациентте МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесінің болуы тиіс.
Егер КТ/МРТ қызметтерін алуға қатысты сұрақтарыңыз болса немесе сіз олардың көрсеткіштеріне қол жеткізе алмасаңыз, онда өз емханаңыздағы Пациентті қолдау қызметіне хабарласуыңызға болады. Сондай-ақ, ұзақ күтуге байланысты өз аймағыңызда томографиядан өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, сіз өз аймағыңыздың Денсаулық сақтау басқармасынан жағдайды нақтылай аласыз. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: Ресми fms.kz сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы 24/7 Qoldau және SaqtandyryBot мобильді қосымшасы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Пікір үстеу