8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2021 1800 0
Қалалықтар қаперіне

200-ДЕН АСА ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Өңірде БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Бірлік күніне арналған 200-ден астам іс-шара жоспарланып, оларды өткізу бойынша жұмыстар бастау алды. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілетін мерекелік шаралар туралы Қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Медхат Қамбетов айтып берді.

– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында біз ауқымды да табысты жетістіктерімен Ассамблеяның басты және маңызды мерекелерінің бірі – Бірлік Күнін атап өткелі отырмыз. Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтудың қуатты институты ретінде кең ауқымды мәселелерге жетекшілік ете отырып, үйлестіріп келеді. Заман талабына сәйкес бүгінгі таңда алдымызда этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтаудан бөлек, жалпыазаматтық құндылықтарды қалыптастыруға және бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделерін қорғауға бағытталған жаңа міндеттер қалыптасты. Өз қызметі аясында  барлық этностарды қазақ халқының айналасына шоғырландыру, басты ұлттық құндылықтарды – бірлік, достық пен келісімді сақтау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Жұмыс жоспарына сәйкес өңірде БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Бірлік күніне арналған 200-ден астам іс-шара жоспарланып, оларды өткізу бойынша жұмыстар бастау алды, – дейді Медхат Мұсаұлы.

Бұл ҚХА кафедрасының ғылыми конференциясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Амирханянмен онлайн кездесу, «30 игі іс» республикалық марафоны аясында «Қайырымдылық керуені»  қайырымдылық акциялары, Ассамблея мүшелерінің әлеуметтік желілердегі онлайн құттықтаулары, ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің мақалалары, концерттік бағдарламалар және тағы басқа.

Медхат Мұсаұлының айтуынша, дәл мереке күні «Достық» үйінде «30 игі іс» республикалық марафоны аясында, БҚО ҚХА  этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен еріктілерінің қатысуымен «Қайырымдылық керуені» бастау алып,  «Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты жастар флешмобына жалғасады. Сондай-ақ Қазақстан халқы Бірлігі күніне орай   этномәдени бірлестіктер жанындағы балалар ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
114 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
89 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»