КӨПІРДЕН СЕКІРГЕН 20 ЖАСАР ҚЫЗ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
БҚО да өзін-өзі суға лақтырған қызды 31 жасар Еркебұлан есімді тәртіп сақшысы құтқарып қалды. Оқиға кеше түс мезгілінде орын алған. Абырой болғанда 20 жасар студенттің денсаулығына ешқандай зиян келмеген.

Оқиға Шаған өзен арқылы өтетін көпір үстінде болған. Түскі уақыт 12.00 мен 13.00 аралығында сол маңда жүрген бойжеткенді әуелі Еркебұлан серуендеп жүргендердің бірі деп ойлайды. Артынша арудың көпірден секірмек болған ниетін байқайды. Күздің қара суығына қарамастан жас ғұмырды ажалдан арашаламақ болған ол, суға секіріп, өзен бетінде қалқып жатқан қызды көпір тіреуіне дейін шашынан сүйреп келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. – Мен бірден суға секірдім. Ол су бетінде қалқып тұрды. Жағаға алыс, су суық. Сосын мені оны көпірдің тіреуіне алып барып, жасанды дем бердім. Ол шамамен 1 литрден артық су жұтып қойған. Сол маңда жүрген балықшылардан жедел жәрдем қызметі мен құтқарушылар шақыруын өтіндім. Осылайша біз оған арнайы жиде кигізіп жаға алып шықтық, – дейді БҚО ПД арнайы мақсаттағы жасақ қызметкері Еркебұлан. Бұл маңда Еркебұлан кездейсоқ өтпегенде жағдайдың не боларын кім білген?! Ал ол өзінің бұл әрекетін ерлікке баламайды, азаматтық міндетім деп біледі. Тек оң солын әлі танып үлгермеген жастар жарық дүниенің қадірін білсе екен дейді. Осы орайда айта кеткен жөн БҚО ПД-нің арнайы мақсаттағы жасақ қызметі оқу-жаттығуда қауіп-қатерге қарсы тұрудан бөлек алғашқы медициналық қөмек көрсетуді меңгереді. БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібековтың айтуынша, облыста жыл басынан бері суицидтік сипаттағы 130 факті тіркеліп, оның 47-сі өліммен аяқталған. Және өз өмірін қимақ болған дәл осындай үш әрекетке тәртіп сақшылары кедергі болған. БҚО денсаулық сақтау басқармасы мамандарының берген ақпаратына сүйенер болсақ, 20 жасар ару медициналық тексеруден өткізіліп, оның бойынан ешқандай ауытқу табылмаған соң үйіне қайтарған. Ал кеше судың температурасы +8 градус болыпты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу