8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қыркүйек 2018 3244 0
Қалалықтар қаперіне

20 пайыз жина да, баспанаға қол жеткіз!

Оралдағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұтынушылары бір шаршы метрі 148 000-170000 теңге аралығындағы бағамен жаңа баспана сатып ала алады. Аталған үйлер банктің «Өз үйім» бағдарламасы аясында салынуда. Жалпы таза әрлеу алдындағы және таза әрлеудегі 142 пәтерді сату жоспарланып отыр. ҚТҚЖБ салымшылары үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны нарық бағасынан 10 пайызға арзан болатынын ерекше атап өткен жөн. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында мәлім болды.

– Бұл жерде қаланың дамып келе жатқан аудандарында орналасқан үш нысан туралы сөз болып отыр. Олардың жанында мектептер, балабақшалар, спорттық кешендер бар. Бұл үйлердегі пәтерлерді сатып алу үшін біздің салымшыларымызда 20 пайыз мөлшердегі бастапқы жарна болса жетіп жатыр. Ал несие бойынша жылдық мөлшерлеме 7 пайызды құрайды. Мысалы, бір бөлмелі пәтердің ең төменгі құны 6,5 млн. теңге болса, онда клиент 1,3 млн. теңге жинауы керек, – дейді «Тұрғынүй құрылысжинақбанкі» БҚО филиалының директоры Диас Рахымжан. Оның айтуынша, «Өз үйім» бағдарламасының бір артықшылығы оның қатысушылары басқа тұрғын үйге де иелік етуге құқылы. Сондай-ақ ҚТҚЖБ 7 пайыз жылдық мөлшерлеме бойынша заем алғаннан кейін займшы тағы бір тиімді дүниеге қол жеткізе алады. Кем дегенде үш жылдан кейін заем мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейді.

Сатылымға қойылған нысандардың бірі – Құрманғазы көшесі 198-мекенжайда орналасқан 9 қабатты тұрғын үй. Аталмыш үй құрылысын «Қаз-Хол» ЖШС мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жүргізуде.

Мұндағы пәтерлердің бір бөлігі апатты үй тұрғындарының арасында бөлінеді. Ал қалған бөлігі ҚТҚЖБ салымшыларына тиесілі. Оның ішінде 20 пәтер пул құрастырушылар арқылы 1 шаршы метрінің құны 170 000 теңге таза әрлеуде банк салымшылары арасында жүзеге асырылған. Тікелей сатудағы таза әрлеу алдындағы үйдің әр шаршы метрінің құны 155000 теңгеден. Бұл аймақтағы тұрғын үй шаршы метрінің орташа құнынан әлдеқайда төмен. Мысалы, екі бөлмелі пәтердің ең төменгі құны – 10 млн. теңге. Бастапқы жарна үшін есепшотта 2 млн. теңге болуы тиіс. Учаске басшысы Заман Қуановтың айтуынша, мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында салынып жатқан үй құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып, жылу, кәріз желілерін жүргізу жұмыстары жасалуда. Қазан айында су жаңа пәтерлер қожайындарына тапсырылады деп күтілуде. Үш бөлмелі пәтердің аумағы 80 шаршы метрден басталса, екі бөлмелілері 65 шаршы метр. Ас үйдің көлемі – 12-15 шаршы метр. Балкондары әйнекпен қапталады. Екі жеделсаты жұмыс істейді. Құрылыс заттарының 90 пайызы жергілікті өнеркәсіп орындарынан әкелінген. Әр қабатта жылуесептегіш құралдары орнатылады.

Біз келесі аялдаған 2-шақырым, 20-үй мекенжайында орналасқан тұрғын үйді «Ирменов.Ж.С.» құрылыс компаниясы салуда екен.

Құрылыс жұмыстарының басы-қасында жүрген учаске басшысы Ерлан Ильясовтың айтуынша, нысан құрылысы 2017 жылдың сәуір айында басталған. Осы жылдың қыркүйек айында эксплуатацияға тапсырылған. Үй жылы, әрі жарық, кең де қолайлы. Арнайы автономды жылыту қазандығы бар. Тұрғын үй кірпіштен салынып, 10 сантиметрлік фенопластпен қапталған. Жертөледен тұрғындар тұрмыстық жабдықтарын қоюға арналған арнайы қоймалар қарастырылған. Қазіргі нарықта бір бөлмелі, екі бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Бір үйде екі балконнан бар.

Мұндағы таза әрлеу алдындағы үйдің әр шаршы метрінің бағасы 148 800 теңгені құрайды. ҚТҚЖБ салымшылары үшін бір бөлмелі пәтердің орташа құны 7 млн. теңгеге тең. Сәйкесінше, бастапқы салым үшін банктегі есепшотта 1,4 млн. теңге болуы керек. Бір бөлмелі үйлердің аумағы 43,8-52,4 шаршы метр көлемін құрап, сәйкесінше құны 6500000-7800000 теңге болады. Сонда алғашқы жарна 1300000-1500000 теңге. Екі бөлмелі үйлер аумағы – 62,5-69,6 шаршы метр. Ал бағасы 9 300 000-10 350 000 теңге аралығын құрайды.

Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің үшінші нысаны үлестік құрылыс аясында салынып жатыр. Яғни банк салымшылары дәл қазір үй салынып жатқан сәтте пәтер сатып ала алады. Алыстан көз тартатын 9 қабатты 126 пәтерлік тұрғын үй Гагарин көшесі 1-үй мекенжайында орналасқан.

Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Stroy Baiterek» ЖШС осы жылдың қараша айында пайдалануға беруді көздеп отыр. Мұндағы таза әрлеудегі тұрғын үйдің әр шаршы метрі 170000 теңге. Нысандағы 12 пәтер апатты үй тұрғындарының еншісінде болса, 84 пәтер ҚТҚЖБ арқылы сатылады. Бұл үйдегі бір бөлмелі пәтердің құны 6,7 млн. теңгеден басталса, екі бөлмелі пәтер бағасы 10,5 млн. теңге, ал үш бөлмелі пәтер – 13,8 млн. теңге тұрады. Бастапқы жарна үшін есепшотта тұрғын үй құнының 20 пайызы болуы тиіс. «Stroy Baiterek» ЖШС директоры Абзал Сүйіншовтың мәліметіне сүйенсек, аталмыш үй апатты үйдің орнына салынуда. Бір бөлмелі үйлердің аумағы – 39,7 шаршы метрді құраса, екі бөлмелі пәтерлер – 43 шаршы метр, үш бөлмелілер 81 шаршы метрді құрайды. Үй монолитті каркастан салынған. Қабырғалары газоблоктан және кірпіштен қаланған. Коммуникациялық желілер орталықтандырылған. Аулада балалар ойын алаңқайы, автотұрақ болады.

Айта кету керек, салымшылардың қауіпсіздігі үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тек тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорынан кепілдік алған құрылыс компанияларымен ғана серіктестік орнатады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің құрылғанына биыл – 15 жыл. Қазіргі таңда банктің тек Батыс Қазақстан облысының өзінде 62 мың салымшысы бар. Яғни қаладағы баспана құрылысымен айналысатын компаниялармен серіктестік байланыс орнатып, тұтынушылардың сенімінен шығып келеді.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
116 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
374 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
633 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
874 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
909 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1062 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1256 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1491 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1578 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1687 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1695 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1725 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1730 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1833 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2054 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2361 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»