8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2021 1098 0
Қоғам

20 мыңға жуық қазақстандық КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛДЫ

20 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.

«Қазіргі күні ҚР-ның 20 мыңға жуық азаматы COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын қабылдады. Олардың ішінде вирус жұқтырғандар әзірге тіркелмеді», – деді Ерлан Қиясов Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада.

Еске сала кетсек, Ерлан Қиясов пен Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда салдырған болатын. Вице-министрлерге ресейлік «Sputnik V» вакцинасы егілді. Егуден бұрын олар тексеруден өтіп, вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі жоқ екені анықталған. Бұл жолы да препаратты алдымен Ерлан Қиясов, одан кейін Ажар Ғиният алды.

Бұған дейін ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева «Коронавирус вакцинасын салдырғанға дейін және одан кейін оқшаулану керек пе?» деген сұраққа жауап берген болатын.

«Шын мәнінде оқшаулану – адамдардың басқа біреулерге вирус жұқтыруының алдын алу үшін керек. Мұндай жағдайда коронавирус вакцинасын салдырғанға дейін және одан кейін оқшауланудың қажеті жоқ. Бірақ адамдар ең алдымен, өзінің қауіпсіздігін ойлауға тиіс. Сол себепті вакцина алатын адам үшін толығымен карантин режимін сақтаған дұрыс. Вакцина салдыратын кез келген адамның ең біріншіден, дені сау болуы керек. Екпе алған адам қоршаған ортаға қауіпсіз. Вакциналанған адамға коронавирус жұқпайды. Яғни, вакцина құрамында инфекциялық негіз жоқ», – деді Нұршай Әзімбаева.


https://www.inform.kz/kz/20-mynga-zhuyk-kazakstandyk-koronaviruska-karsy-vakcina-aldy_a3755969

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
28 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
27 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
33 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»