2 ТОННАДАН АСТАМ БЕКІРЕ БАЛЫҚТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
БҚО ПД баспасөз қызметі батысқазақстандық полицейлер 2 тоннадан астам бекіре тұқымдас балықтар мен 113 келі уылдырық тәркілегенін хабарлады.
2018 жылдың 11 желтоқсаны күні БҚО Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері облыс аумағында бекіре тұқымдас балықтарды және оның уылдырығын заңсыз сатып алумен, сақтаумен, сатумен және тасымалдаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Санкциялық шаралардың нәтижесінде 2 тоннадан астам бекіре тұқымдас балықтар мен 113 келі түрлі балықтардың уылдырығы және басқа да заттай айғақтар алынған. Қазіргі уақытта БҚО ПД тергеу басқармасы ҚК 339 (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу)және 262-баптары (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
«Жайық үні»
Версия для печати
Пікір үстеу