8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Тамыз 2023 7237 0
Дені сау ұлт

17 адам бақылауға алынды!


Қазір әлемде қызылша дерті өршіп тұр. Ресми мәлімет бойынша, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Еліміздің әртүрлі аймақтарында бұл қауіпті инфекцияның жаңа оқиғалары тіркелуде.

Жақында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Мұхамғали Арыспаев облыста бұл ауру бойынша эпидемиологиялық ахуалдың әлі де болса тұрақсыз екенін мәлімдеді. Осы орайда қалалық №1 емхана тіркеуде тұрған тұрғындарды тегін екпе алуға шақырды.

Қазіргі уақытта аумақта қызылшамен сырқаттанушылық бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Барлығы 19 адам осы жұқпалы аурды жұқтырып, олармен 100-ге жуық адамның байланыста болғаны анықталған.
Аурудың дені Оралда тіркелгендіктен қалалық емханалар науқастармен байланыста болғандардың денсаулығын тексеруде.

Мәселен, қалалық 1-ші емханада 17 адам бақылауға алынған. Олармен дәрігерлер тәулік бойы байланыста. Әсіресе бұл дерт балалар арасында көп тіркелгендіктен жаңа оқу жылының алдында иммундық шараларды қолға алған дұрыс. Қызылша – өте жұқпалы және тұмауға қарағанда 6 есе оңай жұғады.

Адам инфекцияны жұқтырғаннан кейін 7-18 күн ішінде дамиды.Қалалық 1-ші емхана вакцинациялау шарасын таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жүргізеді. Тек емханада тіркеуде болсаңыз жеткілікті.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
95 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»