НАУҚАС АТЫРАУДАН ЖЕКЕ КӨЛІГІМЕН КЕЛГЕН
Бүгін Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Коронавирустық инфекция табылған азамат – Атырау облысында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 30 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Атыраудан жеке көлігімен жалғыз өзі келген. Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

Алдымен азамат тұрғылықты жері бойынша үй оқшаулауына алынып, медицина қызметкерлерімен коронавирус инфекциясына зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен пациентте COVID-19 диагнозы нақтыланған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Күні бүгінгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 126 адам тіркеліп отыр, 7 адам жазылып шықты.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 119 адам, провизорлық стационарда – 13, карантиндік стационарда – 361, үй оқшаулауында – 1653 адам дәрігерлер бақылауында.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу