8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2020 2673 0
Қоғам

  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ – ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

                  «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін арнайы тікелей эфир ұйымдастырды. Партия филиалының фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты азаматтарға мемлекет және облыстық әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен партияның «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде толыққанды ақпарат берілді.

Тікелей эфирді 500-ден астам адам көріп, тұрғындар тарапынан 340-тан астам сұрақ жолданды. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, басып көпшілігіне нақты жауап берілді.   «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев тұрғындар тарапынан қойылған әр сауалға нақты жауаптар беріп, кейбір маңызды сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды.
Сұрақтардың басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер, 42500 жәрдемақысы және 15000 коммуналдық төлемақы, «Біз біргеміз!» акциясы аясындағы азық-түлік және 50 мың теңге материалдық көмектері туралы болды. Жалпы «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы  аясында өңірдегі 3325 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Бұл ретте өңірдің кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, «жасотандықтар» және партия өкілдері айрықша белсенділік танытты.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы  Орал қаласының 5440 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алды.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық және аумақтық филиалдары тұрғындардың арыз шағымдарын онлайн қабылдауда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»