«152-ШІ АТҚЫШТАР БРИГАДАСЫНЫҢ ІЗІМЕН» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ ТҮСІРІЛЕДІ
Бұл туралы атаулы даталарға дайындық жоспары пысықталған жиында айтылды. Басқосуға Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков және Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлері, тарихшы-ғалымдар, ақын-жазушылардан құралған жұмыс тобы қатысты.

Оралда ҰОС Жеңістің 75 жылдығына орай Жеңіс алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіліп абаттандырылмақ. Сонымен қатар соғыс жылдарында тылда еңбек еткен ардагерлердің еңбегіне ерекше мән беріп, “Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!” атты арнайы барельеф орнатылады. Ол Жеңіс мемориалдық кешенінің айшықты композициялық бөлшегіне айналады. Алаңдағы кіреберіс 5 аллеяға соғыстың 5 жылын қамтитын 20 ақпараттық тақта орнату жоспарлануда.
– Оралдық «152-ші атқыштар бригадасы ізімен” атты теле-экспедиция ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл экспедиция Ақжайық телеарнасымен бірлесіп. ақпан-сәуір айларында аталған бригаданың жүріп өткен жолымен Орал, Жәнібек, Волгоград, Астрахань, Элистадан Ростовқа дейін барады. Осы жол бойынша деректі фильм дайындап әкеліп, Оралда алғашқы қойылымын көрсетуіді мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ Жеңістің 75 жылдығына арнайы кітап шығару жоспарда. Бұл жұмыс тобы мешелерімен кеңесіп атқарылмақ. Әскери әндер мен билерден және Жеңіс жырларынан облыстық хор ұжымдарының фестивальдері өтеді, – дейді Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.
Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі аясында «Ардагер» клубы жаңғыртудан өткізіліп, ардагерлерге арналған коворкинг орталығы ретінде ашылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу