15 ЖАСАР БАЛА ТІЛСІЗ ЖАУ ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ
Оралда газ балоны жарылып, 2004 жылғы жасөспірім көз жұмды.

Қайғылы оқиға 1 ақпан күні түнгі сағат 23.00 мен 24.00-дің аралығында болған. Бүгінде қайғыдан қан жұтып отырған отбасы баспанасыз қалған. Ташкент көшесі 26-шы үйдегі 15 жасар жасөспірімнің қалай бақилық болғаны туралы нақты ақпарат әлі беймәлім.
Оқиғаның жай-жапсарын тергеумен бүгінде полиция департаментінің мамандары шұғылдануда. Отбасының көршілері болса, тілсіз жаудың салдарынан қыршын кеткен жас ғұмырдың жақсы қасиеттерін айтып, еске алды. Қызыл жалын тұрғын үйдің шатырын, ас үй бөлмесі мен дәлізін шарпыған. Ал марқұм Николайдың атасы үйде көгілдір отынның ажыратылғанын, сол себепті газ балонды пайдаланбақ болғанын айтады. Төтеншеліктердің ақпаратынша, жалын 20 шаршы метр аумаққа таралған.
Жыл басынан бері облыстағы тұрғын үй секторында 31 өрт оқиғасы тіркелген. Естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын газ жарылып, тәжік ұлтының азаматы қаза болған еді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу