1414 БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРЕДІ
Қазақстандықтар енді әлеумет және еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Бұрын бұл үшін 1411 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет еді.
Клиенттер зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңестерді 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып ала алады, қоңырау шалған соң, қосымша 5 нөмірін теру қажет.
«1414 техникалық платформасына көшу қабылданбай қалатын қоңыраулардың үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз мұнымен 1411 желісін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындарды оңтайландырамыз. Қазір біз дыбыстық қоңырауларды ғана емес, мәтіндік хабарламаларды да қабылдауға болатын омниканалды жүйені қолданамыз. Қазақстандықтар @kenes1414bot телеграм ботында «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша операторға хабарлама жіберіп, сол жерден жауап ала алады. 1411 нөмірі енді қол жетімді емес», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.
Клиенттер әлеуметтік-еңбек саласына қатысты сұрақтарын дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі (жексенбі – демалыс) күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдай алады, қоңырау шалу – тегін.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу