8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2019 2866 0
Жалын

13 ЖАСАР ОМАР «ҰМРА» ҚАЖЫЛЫҒЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Бүгін Оралда Тәжиден Батырұлы мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан – Құран түскен ай» облыстық құранды жатқа және мәнерлеп оқу жарысы өтті.

 

«Шараның негізгі мақсаты – Ислам дінінің негізгі құндылығын түсіндіру, шәкірттерді және мешітіміздің жамағатын Құранды дұрыс оқуға шақыру, білім ізденуге ынталандыру, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі арқылы мейірімділікке, сыйластыққа, мұсылмандыққа тән қасиеттерді қалыптастыру» – дейді ұйымдастырушылар.
30-дан астам өтініштер қабылданған бұл жарыс қаламызда жыл сайын өткізіледі. Биыл жарысқа жасөспірімдер қатысты.

Құран Кәрімді жүрегіне қондырып, оның асыл сөздерін оқып, жаттаған үміткерлерге ҚМБД-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, Қырғыз елінен келген қари Алижон Сатторов, Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Ерлан Кенжин қазылық етті.

Қазылармен ақылдасу арқылы бұл жарысқа арнайы талаптар қойылды. Қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасынан қазылар ұсынған сүрені жатқа айтып, бақтарын сынады.

Қорытындылай келгенде Бас жүлде – Ұмра қажылығы Оралдық 13 жасар Омар Мұханғалиевке бұйырды. Ал бірінші және екінші орын алған оралдық Жәрдем Абдурахман (100 000 теңге) және Саид Қайратұлы (70 000 теңге), үшінші орын алған сырымдық Рафхат Қайыржан (50 000 теңге) марапатталды. Сонымен қатар 10 қатысушыға ақшалай ынталандыру сыйлықтары берілді.

Орал қаласы Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»