8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қараша 2019 1791 0
Қоғам

120 МЫҢНАН АСТАМ КӨЛІК ТАПСЫРЫЛДЫ

       Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасына 3 жыл толды. Осы аралықта құнын төлеу және сертификат бағдарламалары бойынша 121 477 автокөлік жоюға тапсырылған. Тозығы жеткен көлігін өткізген қазақстандықтарға 11,5 млрд теңге қаражат төленіпті.  

ӨКМ Операторы баспасөз қызметінің мәліметінше, сертификат бағдарламасы бойынша 44 226 автокөлік қабылданған. Табысталған сертификаттың 38 528  отандық  өндірушіден 20 646 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылды.

Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған автокөліктер Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт іске қосылғаннан бері 102 мың көлікті қайта өңдеді.

Тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдау бағдарламасының басты мақсаты – отандық паркті жаңарту, автокөліктерден экологияға шығатын улы газдар көлемін азайту. Сондай-ақ қазақстандық автоөндірісті ынталандырып, қайта өңдеу саласының инфроқұрылымын қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып саналады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»