12 МЕКТЕПКЕ ТАРИХИ ТҰЛҒАНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Өткен жылы ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы 51 көшені, 1 даңғылды (Достық-Дружба даңғылы – Нұрсұлтан Назарбаев), 1 шағын ауданды (Белая казарма шағын ауданы – Ақбекет) қайта атау бойынша оң қорытынды берген. Сондай-ақ 12 білім беру мекемесіне тарихи тұлғалардың есімі берілген. Бұл туралы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік тіл саясаты туралы» тақырыбында өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мәлім етті.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына және «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоспарлы жұмыстар атқарды. Мемлекеттік бағдарламаның «Мемлекеттік тілді меңгеру» бағытына қол жеткізу мақсатында басқарма тарапынан жыл сайын облыс тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылады. Былтыр 1060 адам қамтылып, сертификаттарға ие болды. Биыл да 1070 адамды қамту жоспарланып, курсты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабының және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарының көрнекі ақпарат құралдарын рәсімдеуде сақталу мәселесі бойынша басқарманың «Сауатты жарнама – қала көркі» атты акция ұйымдастырылған. Аталмыш акция арқылы қаланың кәсіпкерлеріне көрнекі ақпараттардағы тіл заңдылығының сақталуына Whats App мессенджеріндегі 87783777743 нөмірі арқылы үнемі көмек көрсетіліп келген. Жыл бойы 130 кәсіпкерлік нысанға әдістемелік көмек көрсеткен болса, «Жедел желі» арқылы 137, Whats App мессенджері арқылы 192, барлығы 459 көрнекі ақпараттарға әдістемелік көмек көрсетілген. Басқарманың әлеуметтік тапсырысы аясында «Tilge qurmet» тіл инспекциясы жұмыс жасаған. Көрнекі ақпараттардың тіл нормаларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру бойынша үш даңғыл және 492 көше, 2178 кәсіпкерлік субъектісіне әдістемелік көмектер көрсетіліп, картотека толтырылды. Кемшіліктер анықталған 908 кәсіпкерлік субъектісіне облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің ескерту хаттары таратылыпты. Қазіргі таңда кемшіліктер орын алған барлық кәсіпкерлік нысандарының көрнекі ақпараттары түзетілген.
– Өткен жылы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №945 қаулысы негізінде Ақжайық, Бөрлі, Қазталов аудандары мен Орал қаласының 12 білім беру мекемесіне тарихи тұлғалардың есімі берілді. «Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарының тарихи топонимикасы» атты кітаптың тұсауы кесілді. Жыл бойы жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі ретінде «Тіл – тұтастық туы» облыстық жалпыхалықтық тіл фестивалі өтті. «Аltyn kópir» халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай дәстүрлі тіл фестивалі аясында түрлі байқаулар ұйымдастырылды, – деген Айгүл Әділгерейқызы тұрғындарға басқарма тарапынан жыл сайын қазақ, ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылатынын, өз деңгейін көтергісі келген әр адам Х.Чурина көшесі 116 мекенжайында орналасқан БҚО тілдерді дамыту басқармасына өтініш қалдыра алатынын жеткізді.
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Президенттің Жарлығын іске асыру бойынша былтыр өңірімізде 400-ге жуық шара өткен. Сондай-ақ 500-ден астам материалдар БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде жарияланған. Облыс аумағының 12 ауданы, қала және 40 ауылдық елді мекендерде «Латын керуені» атты көшпелі семинар-тренингтер ұйымдастырылған. Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі аспектілері туралы азаматтарды ақпараттандыру деңгейін көтеру мақсатында «Цифрлы әліппе» (www.elatyn.kz) интерактивті-ақпараттық жүйесі іске қосылып, жылдың соңына дейін 5556 адам онлайн курстарынан өтіп, сертификаттарға ие болған. «Ономастикалық бірліктерді автоматтандыру 3D картасы «TORUS MAPS» жобасын жүзеге асырды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын аймақта жүзеге асыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әдістемелік көмек көрсету, көрнекі ақпарат және жарнама саласындағы мәтін сауаттылығын біріздендіру мақсатында облыстық Кәсіпкерлер палатасымен бес жылға Меморандум жасалып, облыстық әкімдікпен іс-шаралар жоспары бекітіліпті. «Рухани жаңғыру» орталығының жүргізген мониторингі бойынша Батыс Қазақстан облысы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары бойынша республикада алдыңғы үштікке енген.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу