8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2017 2451 0
Өзек

№12 25.03.2016 Тұрмыстық жарақаттар көбейіп тұр!..

Жаз басталғалы балалардың жазата-йым оқиғаларға тап келуі көбеюде. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында жарақаттану мен жазата-йым оқиғалар салдарынан өңірімізде бес жасқа дейінгі он бүлдіршін көз жұмған. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда үш сәбиге көп.

Жауапкершілік төмен

Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, сәбилердің оқыс оқиғаларға ұшырауына ата-аналардың бейқамдығы мен жауапсыздығы себеп. Мәселен, өткен аптада өңірімізде екі жазатайым жағдай тіркелген. Екеуінде де балалардың аналары мас болған көрінеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала бөлімінің бас маманы Айнаш Ғұбайдуллина (суретте) шарапқа сылқиған ана баласын емізбек болып қасына алған күйі ұйықтап кеткенін айтты. Мұның салдарынан үш айлық нәресте көз жұмыпты. – Сәбиінің өз құшағына тұншыққан күйі өлім құшқанын анасы білмеген. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін ғана үйдегі үлкен қызы байқап, фельдшер шақырады. Дегенмен бәрі де кеш еді, – деген Айнаш Жұбанышқызы мұндай жағдайдың ауылдық аймақтарда орын алатынына қынжылып, жергілікті атқару органдары ащы суға құмар отбасылармен үнемі жұмыстанып отырса деген тілегін білдірді. Маманның айтуынша, жыл басында да осыған ұқсас бала өлімі тіркеліпті. Анасы баласын емізіп, кекіртпестен жатқызып кеткен. Ас үйдің қамымен жүрген ана баласының қиналып, асфиксиядан дыбыс бере жылағанына да мән бермепті. Жауапсыздықтың салдары баланың тұншығып өлім құшуына алып келген көрінеді.

Тағы бір оқыс оқиға өткен аптада қаламызда орын алды. 2,7 жастағы қаламыздың кішкентай тұрғыны үшінші қабаттан құлап, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Бұл жағдайдағы себеп те жоғарыдағыдай. Оқиға болған сәтте ананың баласының жанында болғандығы, бірақ ащы судан ұрттап алған ол перзентінің іс-әрекетіне аса назар аудармағаны анықталды. Сәби көршілерінің жедел жәрдем шақыруымен, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыр жарақатпен түскен. Жабық бас миының жарақаты, іштің жабық жарақаты, бауыр гематомасы диагнозымен үш күн жансақтау бөлімінде болған бала бүгінде бөлімшеге ауыстырылған. Дегенмен, оның жағдайы әлі орташа.

Алдыңғы аптада облыс орталығынан шеткері аудандардың бірінде алты жасар жеткіншектің төбеден құлау оқиғасы тіркелген. Санавиация көмегімен облыс орталығына жеткізілген қыз баланың жағдайы ауыр. Сондай-ақ таяуда үш жасар бала ауладағы су толы бөшкеге түсіп, көз жұмған.

Биылғы жылдың бастапқы алты айында облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жоғарыдан құлаған бес бала, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 64, күйік шалған 160 жеткіншек, жануарлар мен жәндіктердің тістеуінен жарақат алған 187, уланған 38 науқас және бір электр тогына соғылған бала ем алған. Оған қоса жедел медициналық көмек станциясы жарақат алып, жазатайым оқиғаға тап болған мыңнан аса жасөспірімге көмек көрсеткен.

Ауыр жарақат мүгедектікке әкеледі

Балалар жарақатының себептері мен құрылымы баланың жасына, физикалық және психикалық дамуына байланысты өзгеріп отырады. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы Александр Гехман (суретте) балалардың өлімі мен мүгедектікке ұшырауына көбіне тұрмыстық жағдайда алған жарақаттары себеп болатынын айтты.

– Жарақаттың басқа түрлеріне қарағанда, тұрмыстық жағдайда болатын жарақаттар алпыс па-йызбен алдыңғы қатарда. Жыл сайын балалар ауруханасының травматология бөліміне 7500-ден аса бала келеді. Соның 700-850-і стационарлық ем алады. Сонымен қатар сәбилер арасында химиялық және термиялық күйіктердің саны артуда. Орта есеппен жылына жиырма шақты ауыр күйік алған науқас жансақтау бөліміне түседі. Күйік алған балаға теріні ауыстыру үшін жасалатын бірнеше сағаттық ауыр операцияларды көтеруге тура келеді, – дейді А.Гехман. Дәрігердің айтуынша, балаларға жүргізілетін реанимациялық, емдік, бейімдеу шаралары көп қаржылық шығынды қажет етеді. Мәселен, осындай ем алған бір балаға мемлекет тарапынан 316 мың теңге жұмсалады.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Болат Әлібаев (суретте) балалар жарақатын ата-ана жауапкершілігінің төмендігімен түсіндірді. Яғни, үй шаруашылығымен айналысып жүрген аналар көбіне ұл-қыздарының іс-әрекетіне мән бермейді. Бес жасқа дейінгі сәбилерде жан-жағындағы құбылыстарға қызығушылық көп. Олар қорқынышты біле бермейді. Сол себепті ыстық суға отырып қалу, жоғарыдағы заттарды тартып қалуға бейім. Ал қазіргідей ыстық кездерде ашық тұрған терезеден құлайтын кішкентайлардың саны артуда.

– Жоғарыдан құлаған балаларда бас миының шайқалуы, шеткі мүшелерінің сынуы, ішкі мүшелері зақымдануы мүмкін. Соның ішінде бауырдың, өттің, талақтың жарылуы кездеседі. Алған зақымына байланысты ем алған науқас ауруханадан шыққаннан кейін де алты айдан бір жылға дейін, кейде одан да ұзағырақ бақылауда болады. Ал кей жағдайда ауыр жарақаттың салдары мүгедектікке соқтыруы мүмкін, – деген Б.Әлібаев жарақат алғандарды емші-балгерлерге көрсетудің де зиянды жақтарын мәлімдеді: – Емшілер сылап-сипап ауырсынуды уақытша тежеуі мүмкін. Бір аптаның ішінде жарақаттың ауруы басылып, дегенмен сынған дене мүшесі қисық болып біте бастайды. Мұндай жағдайда дәрігерлердің сүйекті қайта қалпына келтіруіне көп күш жұмсауына тура келмек. Сол себепті ата-аналарға алдымен медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертеміз, – деді ол.

Алда күзгі жиын-терім уақыты. Дәрігерлер осы уақытта балалардың сірке суына күюі жиі орын алатынын айтты. Сондай-ақ ыдыс жуғыштар, көлік жуатын автошампуньдардың, калий перманганатының дәмін көрмек болып, химиялық күйік алған жеткіншектер де көбеюде. Дәрігер-травматолог Болат Әлібаевтың айтуынша, емдеуде ең қиындық тудыратыны – өңештің күюі. Күйген өңеш бір-біріне жабысып, баланың тынысына, тамақ ішуіне едәуір қиындық келтіреді. Дәрігерлер оны арнайы түтікпен үрлеп, бірнеше айға созылатын ем-домды қолданады. Тұрмыста жиі орын алатын термиялық күйікте көрсетілетін алғашқы көмек – күйген орынды салқын сумен жуу немесе таза сүлгіні салқын суға малып, күйген орынға басу. Мұндайда тіс пастасын жағу, жұмыртқа жағу сынды халық емдерін қолданбаған жөн.

Түйін
Мамандар балалар жарақатының алдын алудың негізі тәрбиеден басталатынын тілге тиек етті. Ата-ана айналадағы құбылыстарды жаңа танып келе жатқан бүлдіршінге қауіптің не екенін айтып, «ұстама», «қозғама» деп бағыт, тәрбие, кеңес беріп отыруы керек. Сондай-ақ балалар жарақатының алдын алу – медициналық қана емес, әлеуметтік те міндет. Балалардың күйіп қалуының 96 пайызы үй жағдайында, жарақат алуы демалыс күндері ата-анасының жанында болады екен. Мұндайда сәбиі жарақат алған ата-ананың өзін кінәламасқа амал жоқ.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
31 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
246 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
740 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1117 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1054 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1477 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2093 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2260 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2266 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2315 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2321 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1969 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2800 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2857 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2850 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3460 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3432 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3418 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3396 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3560 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3606 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»