8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2017 1901 0
Өзек

№12 25.03.2016 Қиналғанға көмек болған «АНАЛАР ҮЙІ»

«Қарттар үйі», «Балалар үйі» секілді мекемелерді естіп-көріп жүрміз. Ал «Аналар үйі» бұрын-соңды болмаған еді. Соңғы жылдары шаһарда жаңадан ашылған бұл үй – түрлі себептермен тығырыққа тірелген жас аналарға қолдау көрсететін кәсіпкерлердің әлеуметтік жобасы. Жоба авторы – «BI GROUP» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев. Кәсіпкер еліміздегі жетім балалар санының артуын, олардың тастанды болу себебін зерттей келе, осындай жобамен жетімдер санын азайтуды мақсат еткен көрінеді. Жоба нәтижесіз емес. Екі жыл ішінде 1223 анаға көмек көрсетіліп, осынша сәби ата-анасының тірісінде «жетім» атанудан аман қалған. Сәйкесінше, еліміздегі 6 балалар үйі жабылды және тағы бірнеше балалар үйін жабу мәселесі қаралуда.

Қазіргі таңда бұл   «Аналар үйі» алпысқа жуық аналардың «барар жер, басар тауына» айналды. Астаналық жеке кәсіпкер Нұрәлі Әлиев аталмыш үйді қамқорлығына алса,  қайырымдылық шаралардың басы-қасында жүрген үйлестірушісі Надия Лисицына (балалардың ортасында). Осы үйдің әкімгері Зәмзәгүл Шканова, психолог Райса Байдалиева облысымызда осы жобаның жүзеге асуына көмектесіп жүрген көрінеді. Сүрініп кетіп, сүйеуінен айырылған, аяғын шалыс басып, кінәсін түзетуге жақындары мұрсат бермеген қыздардың ешкімге сеніп айта алмайтын сырларын тыңдайтын да осы жандар десек қателеспейміз.

Баланы тапсыру оңай, қайтып қауышу қиямет!

Мұнда  бір мезгілде 18 жас ананы қабылдауға мүмкіндік бар. Мысалы, үш ана балаларымен арнайы бөлмеге жайғасса, оларға арналған төсек-орны, баланың кереуеті,  киімге арналған шкаф тағы басқа қажетті заттар орналасқан. Ойын бөлмесі де сәбиге қажетті құралдармен,  ойыншықтармен қамтылған. Қаламыздағы жоғары және арнаулы оқу орындарымен  және медициналық мекемелермен тығыз байланыс орнатқан Надия Лисицына түрлі себептерге байланысты баласынан бас тартпақ болған қыздарды өз ойынан  айнытуға себепші болатын көрінеді. Соның нәтижесінде жас аналар сәбиін бауырына алып, уақытша аталмыш үйді паналайды-мыс.

–  Өкінішке орай, алданып қалған қыздар жиі кездеседі. Кездесу барысында олар бірден өзі туралы айтпайды. Кейін хабарласып, көмек сұрайды. Босанған соң сәбиін перзентханада қалдырғысы келетін аналар да кездеседі. Оң жақта отырып, жүкті болғандықтан әке-шешелері «үйге әкелме!» деп, талап қоятын шығар. Біз олармен сөйлесіп, баласымен бірге осы үйге алып келеміз. Бойжеткеннің кездескен жігітімен, ата-анасы, туыстарымен сөйлесіп, мүмкін болса отау құрып кетулеріне көмектесеміз, – дейді Надия Минзакировна.

– Бірде баласынан бас тартқысы келген ананы ойынан қайтарғым келіп, бірнеше рет сөйлестім. Бірақ ол «баламды қайда апарам, ата-анама не бетімді айтамын?» деп келіспеді.  Өзі балабақшада жұмыс жасайды. Арада екі ай өткенде сол қыздың өзі  хабарласып, баласын тауып беруімізді өтінді. Жұмысқа барғанда бөпелерді көріп көңілі босайды екен. Сол кезде оның анасы да, әпкесі де жағдайдан толық хабардар еді. Сондықтан біз оның сәбиін іздедік, өкінішке орай, таппадық. Себебі, басқа жанұя оны асырап алыпты, – дейді Надия апай. Осы орайда біз өңірімізде 60-тан аса жанұяның бала асырап алуға ниетті екенін және басым көпшілігі жаңа туылған баланы алғысы келетінін білдік.

Қазір «Аналар үйінде» 16 жас келіншек тұрып жатыр. Оның бәрі бірдей балалы ана емес. Арасында ай, күнін күтіп жүргендер де бар.

– Ең бастысы – қыздарымыз тәртіп бұзбауы тиіс. Қазір облыстық балалар үйінде 68 бала бар. Біздің қолдауымыздың нәтижесінде аналарынан ажырамаған 60  сәби келешекте мұндай балалар үйіне тап болмайды. Міне, мақсатымыздың орындалғаны. Қыздарға баланы мемлекет қамқорлығына тапсыра алатынын,  ал бас тартқан жағдайда қайтарып алудың мүлде қиын екенін айтудан жалықпаймыз, – дейді Надия Лисицына.

Мұнда келгендер, алдымен, оқшаулау бөлмесіне орналасып, тексерістен өтеді. Анықтамалар толық жиналған соң жалпы ортаға қосылады. Бұл – оларды жұқпалы аурулардан сақтандырудың амалы. Көп жағдайда гинекологиялық, стоматологиялық аурулар жиі кездеседі. Бұл үйге орналасқан аналар мен балалардың дәрі-дәрмегіне,  ас-суына, киім-кешегіне т.б. демеушілер көмектеседі. Ай сайын әр паналаушы үшін 14 мың теңге бөлінеді. Бір реттік және ай сайынғы алатын жәрдемақылары өздерінде жинақ ретінде тұрады. Белгіленген уақыт өтіп, осы үйден шыққан кезде жиналған қаржысын пайдалана алады. Мұнда әйелдер  баласы 1 жасқа толғанша тұрады.

Қилы тағдырлар да кездеседі…
Өткен жылдың қыркүйегінен бері «Аналар үйін» паналап жатқан Бану балалар үйінде тәрбиеленіпті. Ақтөбелік жас ананың оқиғасы шым-шытырық. Ол жердегі аналар үйінде орын болмай, Оралға келген. Ашық мінезді, жайдары жан әңгімесін былай бастады:

– Баламның әкесі Талдықорғанның жігіті. Бір жыл достастық. Жүкті екенімді айтқанымда ол: «өтірік, менің балам болуы мүмкін емес» деп бас тартты. «Жарайды, сәбиді өзім үшін дүниеге әкелемін» дедім, – деді ол.

Бану автожуу орталығында жұмыс жасап, пәтер жалдап тұрады. Сол жерде өзінен үлкендеу кісімен қосылып, азаматтық неке құрады. Екіқабат екенін біле тұра қабыл алған жігіттің анасымен де жақсы қарым-қатынаста болады. Сол үйде кішкентай Саян дүниеге келеді. Өз қанынан тумаған Саянды жақсы көрген күйеуі мен енесі  барлық керек-жарақтарын әпереді. Балаға қажет заттардан ақша аямайды. Сәбиге өз тегін де береді. Бірақ, күндердің бір күнінде қайынапасы айқай шу шығарып, Бану үйден кетуге мәжбүр болады.

– Балам қазір жастан асып, тәй-тәй басып жүр. Күйеуім маған мүлде хабарласпайды, – дейді Бану. Бүгінде баланың биологиялық әкесі телефон шалып тұратын көрінеді. Әр хабарласқанында екеуін де  алып кеткісі келетінін, кезіндегі ісіне өкінетінін айтады екен. Бану оған қайтып барғысы келмейді. Бұрынғы әдетіне басып, тағы да тастап кетсе қайтпек?!

Тағы бір кейіпкеріміз 23 жастағы Гүлайхан. Үйленеміз деп жүрген жігіті жүкті екені белгілі болғанда тастап кеткен.

–  Аяғымның ауыр екенін үш ай өткенде білдім. Жігітім алғашында қуанды. Бір аптадан кейін үй ішімен сөйлескенін, дәл қазір үйлене алмайтынын айтып, алдыртып тастауға кеңес берді. Ақшасын өзім төлеймін деді. Сенген адамым осындай жағдайда қалдырып кетеді деп ойлаған жоқпын. Өзіміз пәтер жалдап тұрайық деп ұсыныс жасадым. Кейінгі сөйлескенімде «мүмкін менің балам емес шығар» деп сенімсіздік танытты.  Осы сөзі намысыма қатты батты. Егер аман-сау баламды дүниеге әкелсем, қан талдауы сараптамасын жасатамын, – дейді Гүлайхан. Ата-анасы мұның жағдайын толық біледі. Қарындасына қатал қарайтын ағасы ғана бұл жайттан хабарсыз. Ешкімнің көзіне түспес үшін жұмысынан өз еркімен шыққан Гүлайхан қазір «Аналар үйінде».

Жас әйелдердің тағдырлары да, мінездері де әр түрлі. Кейбіреуі өмірден түңіліп, ешкіммен сөйлескісі келмейді. Ондай сәтте психологтың көмегіне жүгінеді. Психолог Райса Байдалиева «паналаушылардың» көзқарасын өзгертуге күш салады.

Тігін ісі оқытылады

«Аналар үйінде» компьютерлік сауаттылықты арттыру мақсатында компьютерлік оқыту сабағы және тігін ісі оқытылады. Өндірістік іс машинасын пайдаланып, арнаулы тапсырыстар қабылдауға мүмкіндік бар. Бәрі де еңбекке бейімделген. Кезекшілік кестесі бойынша тамақ пісіру, үй жинау, жаздың күні ауладағы бақшаны күту жұмыстарын өзара бөлісіп орындайды. Кейбірі жұмыс жасап, оқу-тоқумен шұғылданады. Надия мен Зәмзәгүл апайлар мұндағы сәбилердің әжесі секілді. Бұл сырттан барған бізге де анық байқалды. Балақайлар еркелеп, жандарынан шықпайды. Аналар да оларға балаларын еркін сеніп тапсыра алады. Бір әттеген-айы, дүние есігін ашқалы ер адамдарды көрмеген сәбилер еркек атаулыдан қорқады екен.

«Торғай екеш торғай да, өз баласын қорғайды» демей ме, мұндағы жас аналарға қарап, осы сөздің мәнін терең ұғынуға болады. Олар сәбилері үшін бәріне төзуге бар.

Түйін:
 Таяқтың екі ұшы болатыны секілді, бұл мәселенің де екінші жағы бар. Қоғамда осындай жағдайға тап болғандар қатары көбеймесе, «Аналар үйі» де ашылмас еді.  
Ар-намысты таптайтын теріс қадамға бару – отбасындағы тәрбиеге де байланысты. Өйткені некесіз жүкті болып қалу, баланы жетімдер үйіне тапсыру – осының барлығы бірінші кезекте жанұядағы тәлім-тәрбиеге тікелей қатысты жайт. «Қызға қырық үйден тыйым» дейміз. Ер балалардың да тәлімін жіті қадағалау керек. Азаматтық жауапкершіліктен бас тартатын, болашақ әйелінің және жазықсыз сәбидің өміріне, тағдырына немқұрайлы қарайтын жігіттердің қатары көбейіп барады. Көпшілігі қыздармен ойнап-күлгенді жақсы көреді. Отбасын құрып, отағасы атанудан, жауапкершіліктен қорқады. Қоғамда өзекті мәселе тудырып, әйелін тірі жесір, сәбиін әкесіз атандыратын ерлердің де ойланар уақыты жетті! Сіз, бұл пікірге қосылатын шығарсыз, ағайын?!

Эльмира НҰҒМАНОВА
суретті түсірген автор

(Кейіпкерлердің есімдері өзгертілді).

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
181 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
202 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
466 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
945 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1323 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1198 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1681 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2299 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2463 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2471 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2523 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2526 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2113 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3004 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3059 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3051 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3668 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3634 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3624 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3599 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3760 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»