8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2019 1719 0
Қалалықтар қаперіне

Қазақстандықтардың теңгемен сақтаған салымдары арта түсті

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың сөзіне сенсек, Қазақстандағы депозиттерді долларландыру деңгейі 48,4 пайыздан 43,8 пайызға төмендеген.

«Депозит көлемі тамыз айының соңында 5,5 пайызға, яғни 17,5 трлн теңгеге төмендеді. Бұл осы жылдың бірінші тоқсанында банктерді қалыпқа келтіру ісіне байланысты. Осы жылдың сәуір-тамыз айларында депозиттер өсімі 1,9 пайызды көрсетіп, 327 млрд теңгеге жетті», – деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында. Ұлттық банк төрағасының айтуына қарағанда, шетел валютасындағы салымдарды теңгеге ауыстыру жұмысы жалғасады. «8 айда ұлттық валютадағы салымдар 3 пайызға өсті. Ал валюталық депозиттер 14,5 пайызға төмендеді. Осының нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі жыл басындағы 48,4 пайыздан 43,8 пайызға төмендеді», – деді ол. Ерболат Досаев атап өткендей, биылғы сәуір-тамыз аралығында несие портфелі 13,2 трлн теңгеге, яғни 6 пайызға өскен. «Бұл бағыттағы өсім жыл басынан бері 1 пайыз болды. Бұл ең алдымен жеке тұлғалардың несие портфелінің 16 пайызға, яғни 6,2 трлн теңгеге ұлғаюымен тікелей байланысты. Заңды тұлғаларға берілген несие көлемі 9,2 пайызға – 7,1 трлн теңгеге дейін төмендеді», – деді ол. Еске сала кетсек, Ұлттық банк төрағасы бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаржы нарығындағы жағдай тұрақты екенін мәлім еткен болатын.

ҚазАқпарат

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
108 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
83 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»