8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қазан 2019 3897 0
Қалалықтар қаперіне

ҰЛТ РУХЫН ЖАҢҒЫРТҚАН – «LATYN FEST»

Форум

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы таяу жылдары жүзеге асырылуы тиіс мәселелердің бірі – «Қазақ жазуын латын графикасына көшіру» бағдарламасын жүзеге асыру. Осы орайда  бүгін Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен  «LATYN FEST»  жастар форумы  өтіп, өңіріміздегі бірқатар тіл жанашырлары  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын иеленді.

Форумға жиналғандар алдымен Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әртістерінің «Тілім – анам, тілім – бабам» тақырыбындағы сахналық қойылымын тамашалады. Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев: – Латын әліпбиіне көшу мәселесі, жалпы мемлекеттік тілдің дамуын, жай-күйін, алдағы көзделген мақсат-міндеттерді айқындау бағытында ұйымдастырылып отырған жастар форумына қош келдіңіздер. Бүгінгі шара Жастар жылымен Қазақстан Республикасының  Тіл туралы Заңының қабылданғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттың рухын жаңғыртуға бағытталған нақты міндеттерді қойды. Негізгі бағыт – қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру. Жалпы мемлекеттік тілді дамытудың жаңа замандағы бір тетігі түйткілді мәселелерді, қоғамның қызығушылығын туғызар жайттарды бөлісудің маңызы зор. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның ерекшеліктеріне байланысты. Әліпби реформасы жаңа ғасырдағы қазақ тілін, мемлекеттің тілдің тынысын ашып, дамуына ерекше серпіліс туғызуы тиіс. Жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмайды емес»  деген Елбасының барша қазақстандықтарға зор міндет жүктейді. Латын графикасына көшу бұл жалпы елімізде экономика, халықаралық байланыс, ұлтаралық қатынас, өзге де маңызды факторларға ерекше әсер ететін құбылыс. Бүгінгі жастар форумының да мақсаты – латын әліпбиін талдау идеясын, Елбасының латын әліпбиіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшіру жөніндегі тапсырмасын насихаттау. Өйткені, латын графикасына көшу мәселесі ұлт болып қолдауды талап ететін ұлттық мәселе, – дей келіп еліміздің тарихындағы Тілдер туралы заңға биыл – 30 жыл толуына орай мемлекеттік тілдің мерейін өсіріп, қолдану аясын кеңейтіп, ұлтаралық қатынас құралына айналуына үлес қосып жүрген тіл жанашырларына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын тапсырды.  Олардың қатарында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі Болат Жексенғалиев, қалалық «Жайық үні» газетінің директор-редакторы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Мира Шүйіншәлиева, БҚМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сәдір, ғалым, филология ғылымының кандидаты, доцент Ұлдай Ержановалар бар. Форумға арнайы келген Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тлешов, халықаралық журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Атырау» телеарнасының директоры, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Қанат Әуесбай, саясаттанушы, журналист, суретші, қоғам белсендісі, «AmalBooks» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай жастардың латын графикасындағы жаңа әліпбиге қатысты сауалдары мен сұраныстарына жауап беріп, жаңа әліпби мен емле-ережелерін жастарға түсіндірді.

Шара барысында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында түрлі этнос балалары мен жасөспірімдер арасында жарияланған «Өзің туралы» акциясының, сондай-ақ «Менің отбасымның тарихы» атты сырттай бақылау байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
133 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
170 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
416 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
898 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1275 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1166 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1634 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2251 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2416 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2423 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2474 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2479 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2081 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2958 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3011 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3005 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3620 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3587 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3578 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3553 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3714 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»