«ЖОМАРТ ЖҮРЕК – 2019» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Салтанат Сарайында дәстүрлі «Жомарт жүрек-2019» меценаттарды марапаттау форумы өтті. Оған қала басшысы Абат Шыныбеков, маслихат депутаттары және меценаттар қатысты.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың рухани жаңғыру бағытындағы идеялары қоғамдық санаға жаңа серпін беріп, барша халықты жаңа идеяның аясында біріктіретін, тұтастай ұлтты ортақ мұратқа ұйыстыратын тұжырымға айналды.

Жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналған жобалардың бірі – «Туған жер» әлеуметтік-идеологиялық бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында еліміздің түкпір түкпірінде туған жеріне, өсіп-өнген өлкесіне көмек жасауға талпынған азаматтарды қолдау және ынталандыру бағытында игілікті іс-шаралар бүгінде дәстүрлі түрде атқарылып жүр. Солардың бірі әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдап және жалпы қаланы дамытуға үлес қосып жүрген меценаттарға арналған «Жомарт жүрек-2019» форумы. Бұл азаматтар өздерінің қайырымдылық бағдарламаларымен балаларға мектепке жиналуға, жетім балалар мен науқас балаларды қолдауға, спортты насихаттауға және спортшыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге, аулаларды абаттандыруға, мектептер, балабақшалар, спорт алаңдарының құрылысына көмектесетін біздің танымал кәсіпкерлеріміз, ірі, орта және шағын коммерциялық кәсіпорындардың басшылары. Марапатталғандардың қатарында өңірімізге белгілі кәсіпкерлер Тимур Әмин, Тұрарбек Тілемісов, Нұргүл Ашикова, Валерий Крылов, Балзия Евнеева, Денис Барабаш, Қазына Молдашева, Роберт Ирменов, Сергей Потиченко, Ляна Тұрсынова секілді жомарт жүрек жандар бар.

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу