8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2024 2526 0
Қоғам

11 күнде тұрмыстық жанжал туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты.

«Осы жылдың 15-26 қаңтары аралығында ел аумағында «Тұрмыс» алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның қорытындысына сай полицияда отбасылық, тұрмыстық жанжал туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді. Соның 1,5 мыңын полиция қызметкерлері өздері үйлерді аралау барысында анықтады. Іс жүзінде «агрессорлардың» барлығы немесе 95 пайызы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

ІІМ өкілі отбасылық жанжалдың негізгі себебі маскүнемдік, лудомания, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және соның салдарынан отбасы институтының жоғалуы екенін айтады.

«Осындай зорлық-зомбылықтың себептерін уақтылы анықтау және жою үшін алдын алу іс-шаралары қолға алынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын полицияның назарына түскен 39 мыңға жуық адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Қауіптілік деңгейін анықтау үшін 3 669 отбасыдан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде 559 отбасында қайта құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары екені анықталды. Сондай-ақ құқық бұзушыларға агрессияны болдырмау үшін психокоррекциялық курстардан өз еркімен өту ұсынылды. Өмірлік қиын жағдайдағы 675 отбасы, оның ішінде қолайсыз әлеуметтік ортадағы зорлық-зомбылық белгілері бар балалары анықталды. Олар туралы көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілді», – деді Ақмарал Серікбаева.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
133 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
140 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
265 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
532 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
583 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
652 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
677 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
724 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
946 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
961 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
916 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»