1 шілдеден бастап пойыз билеттері жаңа жүйе арқылы сатылады

2019 жылдың 29 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арасында теміржол тасымалы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жол картасына үшжақты қол қойылған болатын.
Осы құжаттың негізінде пойыз билеттерін алып-сатарларға қарсы бағытталған маңызды шешім қабылданды.
«Атамекен» ҰКП, ҚР Көлік прокуратурасы, МҚІСҚ Агенттігі және ҚР ИИДМ-мен бірге өткен басқосуда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электрондық билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды.
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Компанияға қарасты барша бағыттарға электрондық жол жүру билеттері жаңа автоматтандырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады.
Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни, алып-сатарларға жемқорлықпен айналусыға бөгет болады.
«Жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейтінін ескертеміз. Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді. Егер де билетсіз отырған жолаушы не болмаса заңсыз рәсімделген жүк тасымалына тап болсаңыз – фотобейне түсіріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директорының блогына (http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберулеріңізді сұраймыз!», – делінген компанияның хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу