8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2025 776 0
Өзек

1,2 млрд теңгенің спорт кешені. Жаңаөмірдегі нысан кімнің қолдауымен салынды?

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылында ел қуанышына айналған оқиға болды – ауылда заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені есігін айқара ашты!
Бұл – тек бір ғимарат емес, спорт сүйер ауыл жастары үшін үлкен мүмкіндік. Кешен 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің инфрақұрылымын қалпына келтіру мақсатында салынған болатын. Құны — 1,2 млрд теңге.
Жобаны «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» бизнес-серіктестерімен бірге жүзеге асырды. Қаржылай қолдау көрсеткендер қатарында «Азиялық Газқұбыры», «Uranium One», «CGN», «Cameco», «Orano», «КАТКО», «Marubeni», «KMG RomPetrol» компаниялары бар.
Спорт кешенінің аумағы – 1 600 шаршы метр. Мұнда волейбол, баскетбол, бадминтон, үстел теннисі және қазақ күресімен айналысуға арналған залдар бар. Жақын арада ауыл балалары үшін тегін спорт секциялары ашылады.
Ең қуаныштысы – бұл соңғы нысан емес! 2026 жылы тағы бір спорт кешені Атырау облысының Құлсары қаласында ашылады. Қайырымдылық пен серіктестіктің нақты нәтижесі – міне, осындай.

Авторы: “Samruk-Kazyna Trust” корпоративтік қоры

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
50 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
100 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
74 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»