8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 1616 0
Өзек

ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАР, ЖЫЛҚЫ ІЗДЕГЕН ӘКЕ МЕН БАЛА ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Кеше, 17 наурыздан 18 наурызға қараған түні облыс аумағында қарлы бұрқасын болды. Ауа райының қолайсыздығынан қиын жағдайда қалған жолаушыларға Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері  көмек көрсетті. 

17 наурыз күні сағат 20.58-де  БҚО ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына Сырым ауданы, Шағырлыой кентінен 7 шақырым жерде орналасқан «Ахметжан» қыстағында трактормен жылқы іздеуге шыққан малшы қасында кішкентай баласымен жоғалып кеткені жөнінде хабар келіп түскен. БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел түрде  «ТРЕКОЛ» автокөлігімен іздестіру жұмыстарына шығып, оларды түнгі сағат 1.10-да тапты.

Сонымен қатар, сағат 22.06-да Сырым ауданы, Қоңыр ауылы аумағында Самара-Шымкент тас жолынан 10-15 шақырым қашықтықта Нива автокөлігі қар құрсауында қалып қойған.  БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №14 өрт сөндіру пунктінің құтқарушылары адамдарды жақын маңдағы жылыту пунктіне эвакуациялау үшін оқиға орнына  жетіп, көлікте болған 5 адамға кқмек көрсетті,  оның біреуі – бала. Құтқарылғандар тұрғылықты жері бойынша Қоңыр ауылына жеткізілді.

Бұдан әрі, Сырым ауданы Тасқұдық ауылы шамасында Нива автокөлігі қар құрсауында қалып, 3 адам құтқарылды. Құтқарылғандар Жымпиты кентінің жылыту пунктіне жеткізді.

18 наурызға қараған түні сағат 1.42-де  Теректі ауданы Ақсоғым ауылы Барбастау-Индер тас жолының 71 шақырымында Ақсоғым ауылына бұрылысынан 2 шақырымда 10 автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Олардың үшеуі – жүк көлігі, жетеуі –  жеңіл көлік. Құтқарушылар Ақжайық ауылындағы жылыту пунктіне адамдарды жедел түрде эвакуациялады. 10 адам құтқарылды, оның алтауы бала. Автокөлік жүргізушілері эвакуациядан бас тартқан.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын тас жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады. Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласу керек.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»