ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысы «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы енгізілген өзгерістер өте өзекті. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет басшылардың қарамағындағы жұмысшылары үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілді. Бұл туралы БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін басшыларының дербес жауапкершілігін күшейту» тақырыбында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев айтып берді.
Департамент басшысының баяндауынша, бұл норма ағымдағы жылғы 20 мамырдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берілген Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша заңға енгізілді. Бұдан былай мемлекеттік саяси қызметшілер, бұл министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері мен орынбасарлары, аудандардың әкімдері өздеріне тікелей бағынысты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға кетуге міндетті. Заңның жаңа редакциясына сәйкес, басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе оның тікелей бағынысындағы адамға қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуге міндетті.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға жазылады. Отставкаға кету туралы өтінішті қабылдау немесе қабылдамау бұл лауазымға саяси қызметшіні тағайындаған адамның еркінде болып табылады. Саяси емес, А және Б корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын басқа да барлық басшыларға қатысты оларды тікелей бағынысты адамдар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда Заңмен тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол қойған заңға сәйкес бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу бойынша басшылардың міндеті енгізіледі. Бұл міндетті орындамау немесе тиісінше орындамау басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеп соғады. Бұдан басқа, басшысының жауапкершілігін жүйелі түрде елемеу, өз міндеті бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, өзі басқаратын мемлекеттік орган немесе бөлімшенің ұжымында қолайсыз жағдайға әкеледі.
Яғни, тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамаса да, мысалы, талдау осы мемлекеттік органда немесе қандай да бір нақты облыстық бөлімшеде сыбайлас жемқорлық деңгейі күрт өскенін көрсетсе тиісті басшының тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет уәкілетті орган ретінде бұл мәселелерді белсенді көтеріп, мемлекеттік органдарды басшыларының жауапкершілігін қарауға бастамашылық ететін болады.
Үшінші маңызды жаңалық – нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді енгізу. Бұл механизм заңнамалық және заңға тәуелді актілерді әзірлеу сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен нормаларды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Яғни, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа тағы бір тосқауыл қояды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы жұртшылықтың қатысуымен жүргізу міндетін қойған.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу