8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2019 3701 0
Жалын

«ЖАСТАР» ЖЫЛЫНА ОРАЙ «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

Елбасы Н.Назараевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты Круглоозерный кентінде ашылған саябаққа «Jastar» атауы берілді. Халық алдындағы есептік кездесуінде кент әкімі Кенесары Нұршинов кентті абаттандыру мақсатында жасалған жұмыстарды баяндады.

Демалыс орны ауыл бюджетінің үнемделген қаржысына абаттандырылған. Бұған 8,5 млн. теңге бағытталған. Сондай-ақ  бұл саябақ «Балалар алаңы», «Отбасы» аллеясы, «Ғашықтар» аллеясы және «Достық» аллеясы сынды бірнеше аумаққа бөлінуімен ерекшеленеді.  Аумаққа 16 жарықтандыру нүктесі орнатылып, қураған ағаштар кесіліп, орнына 200 түп көшет отырғызылған. қабырған тастар төсеу, қоршауларды бояу жұмыстары жүргізілген.  

Сонымен қоса, «Samruk Kazyna Trust» компаниясының қолдауымен 58 млн. теңгеге саябақ ішіне балаларға арналған спорттық, ойын-сауық кешені жасақталған. Желтоқсан айында бейнебақылау камералары орнатылып, стационарлық сахнаның құрылысы жасалды. Енті кенттегі мерекелер мен қоғамдық іс-шаралар осы алаңда ұйымдастырылатын болады. Кенті басшысы К.Нұршинов маусымға орай хоккей алаңына су құйылып, мұз айдыны жасалғанын да мәлім етті.

– Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жалға алу ақысынсыз осы алаң берілді. Олар келушілерге конькилерді жалға беріп отыр.  Қойылған басты талап – хоккей алаңы мен алаңға тиесілі аумақтың санитарлық тазалығын сақтау, – дейді Кенесары Нұршинов.

Санитарлық тазалықты қаматамыз ету мақсатында 20 контейнер қойылып, 7 контейнер алаңы дайындалған. 396 тонна көлемінде қоқыс қалдықтары шығарылған.

2018 жылдың басында кент көшелерінің жарықтандыру нүктелерінің саны 413 болған болса, қосымша 80  жарық нүктесі орнатылған. «Жайық жарығы» мекемесі қызметкерлері істен шыққан жарық нүктелерін дер кезінде атқарып тұрады.

Кент әкімі алдағы уақытта Круглоозерный кентінде орналасқан саябақты абаттандыру жұмыстары жалғастырылатын жеткізді. Сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша Серебряков ауылында да тынымбақ жасақтау, абаттандыру жұмысы қолға алынатын болады.

Ауыл ішіне қосымша 30 контейнер 5 контейнер алаңы орнатылады. Кент ішіне және жол бойына көшеттер отырғызу жұмыстары жалғастырылмақ. Серебряковтағы аялдаманы абаттандыру және шағын дүкен орнату да биылғы жылдың еншісінде.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»