8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2021 1707 0
Жалын

«ЖАСТАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСТЫҢ ЖОҚТЫҒЫНАН ҚИНАЛЫП ЖҮР»

Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековпен болған кездесуде қала жастары жұмыссыздық мәселесін көтерді. Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын белсенді жас оралдықтармен кездесу табиғат аясында ұйымдастырылды.

Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болған бейресми форматтағы кездесуде жастардың жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін түйткілдер қозғалды. Шаһар басшысы жастардың сауалдарына жауап беріп, қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды мәлім етті.

Белсенді жас әрі пікірсайысшы Ақерке Шайхы қала жастары арасындағы жұмыссыздық мәселесін қозғап, шешу жолдарын ұсынды.

– Жастар тұрақты жұмыстың жоқтығынан қиналып жүр. Осы мәселені шешуде менің  ойымша, біздің қаланың артықшылығы бар. Өйткені Орал – ең ірі трансұлттық корпорациясы бар қаланың бірі. Ол – «ҚПО б.в.». Бүгінгі таңда ірі мұнай компаниялары «Жас өркен», «Ізбасар» сынды жобаларды жүзеге асыруда. Мен де сол жобалардың біріне  қатысудамын. Түйіндемені компаниялардың пошталарына жолдап қойып, жауабын күтіп отыру нәтижелі емес. Жергілікті биліктің «ҚПО» компанияларымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімшартында өңірдің жастарын жұмыспен қамту үшін   байқаулар ұйымдастыру туралы тармақ көрсетілсе деймін. Бұл байқау арқылы үміткерлердің түйіндемелерін қараумен шектелмей, эссе жаздыру, тіл білу деңгейін тексеру, басшылық дағдыларын қарау арқылы өздеріндегі бос орындарға жұмысқа қабылдайтын болады. Осылай жұмыссыздықпен күресе аламыз, – дейді Ақерке Шайхы.

Осы ойды жалғаған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жетекшісі Дулат Мақатов оқу бітірген жас мамандардың  мемлекеттік «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында шетелдік немесе өңірдегі басқа да ірі  компаниялардаа жұмыс жасауына келісім алуды ұсынды. Осы бағдарлама арқылы өзін көрсете алған жас сол ұйымда тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алар еді.

Абат Абайұлы бүгінде көпшілік жасаған еңбегіне күнделікті табысын алуға бейімделіп алғанын, жұмысты да осы бағытта – шиномонтаж, көлік жуу орындарынан іздейтінін айтты. Коммуналдық ұйымдарда тұрақты жасауға бос орындар болғанымен, жұмыспен қамту орталығы бос орындарды ұсынғанымен 15 күнде немесе айына бір рет жалақы алатын жұмысқа кейбірі келісе бермейтін көрінеді. Ал Ақерке Шайхы келтірген ҚПО-б.в.мен бірлесе жастарды жұмысқа орналастыру механизмі бойынша компанияға ұсыныс жолданбақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»