8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2020 1181 0
Қоғам

Жаңа жылдан бастап зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға болады

Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 31 заңнамалық актіге, соның ішінде 14 кодекс пен 67 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілгенін айтты. Заң жобасында зейнетақы жинағын пайдалану тетіктері де бар. Ақша-несие саясатын жетілдіру үшін бірқатар түзету ұсынылады. Заңнама нормаларын біріздендіру үшін ақша-несие саясатының негізгі құралы ретінде қайта қаржыландыру ставкасының орнына базалық мөлшерлемені енгізу ұсынылады, – деді Дәленов.

Әлеуметтік саясат бағыты шеңберінде азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделу ақысын төлеуге немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беру мақсатында пайдалану үшін түзетулер көзделген.  Сонымен қатар, жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін мемлекеттік білім беру несиесіне түзетулер енгізіледі. Одан бөлек көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, толық емес отбасылардың және мүгедектер тәрбиеленетін отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатында білім беру грантын бөлу квоталарын кеңейту ұсынылды.

Айта кетейік,1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатындығын мәлімдеген еді.

Ал Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шарттарын атап көрсеткен. Яғни  «жеткіліктілік шегін белгіледі.

30 жастағы – 2 миллион 518 мың теңге,

35 жастағы  – 2 миллион 961 мың теңге,

40 жастағы  – 3 миллион 437 мың теңге,

45 жастағы – 3 миллион 947 мың теңге,

50 жастағы – 4 миллион 495 мың теңге,

55 жастағы – 5 миллион 84 мың теңге,

59 жастан жоғары – 5 миллион 586 мың теңге.

Бұл жеткілікті шегі, бұдан асқан сомаларды өз еркімен ала алады. Ол ақшаны азаматтар емделуге, тұрғын үй алуға және қаржы компанияларына аударуы мүмкін.

Алғашқы кезеңдерде БЖЗҚ салымшыларының 6,3 пайызы ғана (720 мың адам) зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалана алатыны белгілі. Барлық талаптарға тек осы азаматтар ғана сай келеді.

https://baq.kz/news/othernews/zhana-zhyldan-bastap-zeynetaky-koryndagy-akshany-sheshuge-bolady-/

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»