8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2019 2086 0
Өзек

ЖҮЗУ КЕЗІНДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қала және облыс халқына судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін ескертеді:

Жағажай болмаған жағдайда, қауіпсіз және рұсат етілген жерде ғана суға шомылыңыз,  судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. Таныс емес жерлерде сүңгімеңіз, себебі су түбінде қауіпті жағдайлар болуы мүмкін. Суға шомылар алдында демалып алған жөн. Тамақтанып болысымен және масаң күйде суға шомылмаңыз. Қалтырай бастасаңыз суда шомылуды тоқтатыңыз. Тәулігіне 2 рет қана таңертең және кеште суда шомылу ұсынылады.

Жүзу кезінде дененің тырысып қалуы мүмкін. Тырысулар бұлшық еттің салқындауы және кенеттен қатты қозғалу кезінде басталады. Аяқ-қолыңыз құрысқан кезде көмекке шақырыңыз. Егер судың бетіне шығу мүмкін болмаған кезде, келесідей іс-әрекет жасаңыз:

  • қолыңыздың саусақтары құрысып қалған кезде, жұдырығыңызды түйіп, қолыңызды бір жаққа қарай серпе, лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз;
  • балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып, бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз.

Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере демалып, иірімнің астына сүңгіңіз. Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз. Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып, жағаға қарай жүзіңіз.

Сіздің көз алдыңызда адам суға бату жағдайы орын алғанда не істеу керек?

Судың ағысын, желдің бағытын, жағалауға дейінгі қашықтықты ескеру керек.

Суға батушы адамның жанына жүзіп жеткен болсаңыз, ол адамды сабырға шақырыңыз. Егер өзі қимылдай алатын болса, құтқарушының иығынан ұстау керек. Ал егер суға батушы ес-түссіз болса, оның беті су бетіне шығып тұратындай қалыпта ұстап қолтығынан немесе шашынан ұстап жағаға алып шығу қажет.

Төтенше жағдай туындаған кезде Сіз «112» номеріне қоңырау шалуыңыз қажет.

 

БҚО ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»